Қоғам

Мықтыларды марапаттады

Мықтыларды марапаттады

Өскемендіктер Ольга Рыпакова атындағы спорт кешенінде спорт күні мерекесін ерекше атап өтті. Мұның алдында қалалықтар Комсомол аралында бас қосып, марафон, стритбол, шағын футбол бойынша сайысқа түсті. Ал кешенде дойбы, шахматтан ардагерлер арасында біріншілік өткізілді.
Спорт мерекесіне арналған салтанатты жиынды облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы басшысының орынбасары Олег Чугунков ашты.
– Шығыстың саңлақтары спорт саласында алдыңғы қатарда. Бұл күндері мұнда спорттың 88 түрі бойынша жаттығулар жалғасуда. Өңірдің 534 саңлағы еліміздің құрама командасы сапында өнер көрсетуде. Бразилиядағы Олимпиадада Шығыстың алты саңлағы күш сынасты. Өткен Олимиаданың жеңімпазы Ольга Рыпакова тағы да үздік өнер көрсетіп, қола жүлдені олжалады. Ауыр атлет Денис Уланов тәжірибенің аздығынан және бапкерлердің қателігінен қолда тұрған алқадан айырылып қалды. Ол төрт жылдан кейін өкініштің орнын толтырады деген ойдамыз. Е.Смирнова, И.Смольникова, Э.Михина, басқалар да мүмкіндігінше өнер көрсетті. Атап өту керек, облыстың ардагерлері жақында өткен төртінші спартакиадада топ жарды, сіздерді бүгінгі мерекемен құттықтаймын, – деді Олег Чугунков.

Мықтыларды марапаттады

Бұдан кейін спартакиадада, дүбірлі жарыстарда топ жарған саңлақтарға құрмет көрсетілді. Атап айтқанда, Самат Құсайынов, Иван Цыкунов, Талғатбек Жақпеков, қол күресінен ардагерлер арасында Әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Мұқан Ағзамов, Болат Оразғалиев Тұрмыс Халелов, Мұрат Шақабаев, Назым Күзембай, тағы басқалар Министрліктің Алғыс хаттары мен атақтарымен марапатталды. Бұдан кейін «Көк тудың желбірегені», «Алға, Қазақстан!» әндері шырқалды.

Оңдасын Елубай

Өскемен.

Осы айдарда

Back to top button