ТОП

Екі ауылда спорт модулі болады

Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің бастамасымен өңірде спорт саласына көп көңіл бөлініп жатыр. Спортты жан серігіне айналдырған Күршімнің жігерлі жастары аудан, облыс, тіпті еліміздің атын талай байрақты бәсекеде асқақтатып келеді.

Қазір Күршім ауданы бойынша 200-ге жуық спорт нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде спортзалы, шайбалы хоккей қорапшасы, стадион, ипподром, жабық бассейн және спорт құрылғылары орнатылған алаңдар бар.

«Биыл спорт модульдерінің құрылысы Марқакөл мен Қалжыр ауылдарында қолға алынды. Қазіргі таңда Қалжыр ауылындағы спорт модулінің құрылысы қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Жер қазу жұмыстары аяқталып, арматура өрмелері төселіп, іргетасын құю басталады», – деп хабарлады Күршім ауданы әкімдігінің мамандары.

Аталған құрылыс жұмыстарымен мердігер Qaz Constructioris компаниясы айналысып жатыр. Спорт модулі 80 орынға арналған.

Аудандағы спортпен жүйелі түрде айналысатын тұрғындар саны – 7450. Бұл – аудан халқының 31,9% пайызы.

Ақтолқын Жансапова,

Студент

Осы айдарда

Back to top button