Тілсіз жау

Дүкенде тұтанған өрттен 30 адам эвакуацияланды – Өскемен

Облыс орталығындағы азық-түлік дүкенінен өрт шықты.

Қ. Сәтпаев даңғылындағы көпқабатты үйлердің бірінші қабатында орналасқан дүкендегі өрт таңғы сағат 5-тер шамасында тұтанған, деп хабарлайды  Didar ақпарат.

ШҚО ТЖД мәліметі бойынша от 25 шаршы метрді шарпыған. Өрт сөндірушілер өрт шыққан аймақтан 30 адам оқшауланған. Аталмыш жағдайдан зардап шеккендер жоқ.

Өрттің негізгі себептері электр жабдықтарының ескілігі мен оларды пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы болған.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button