Тілсіз жауТОП

Ұлан ауданындағы өрт ауыздықталды

1 тамызда Ұлан аудадына қарасты  “Асу-Бұлақ орман шаруашылығы” КММ аумағында өрт тұтанған.

Тілсіз жау 3,9 гектар жерді шарпыған, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Орман шаруашылығында құрғақ шөп, бұта, қураған ағаштар жанып кеткен. Оның үстіне өрт жетуі қиын жерде тұтанғандықтан қиындық тудырған. Отты ауыздықтауға ШҚО ТЖД қызметкерлері мен орманшылар жұмылдырылған. 3,9 гектар аумақты шарпыған от 2 тамызда сөндірілді.

ТЖД аймақта әлі де өрт қаупі сақталатынын ескертті. Облыс тұрғындарына әзірге орманға баруға және табиғат аясында от жағуға болмайды.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button