МарапатТілсіз жауТОП

Өрт кезінде қайсарлық көрсеткен мамандар марапатталды – Абай облысы

«Семей орманы» табиғи резерватында болған өрт кезінде қайсарлық көрсеткен мамандар марапатталды.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында болған ірі өрт кезінде табандылық танытқан қызметкерлерді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапаттады, деп хабарлайды Didar aqparat ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Осы медальмен келесі азаматтар марапатталды:

– «Семей орманы» Мемлекеттік орман табиғи резерватының мемлекеттік инспекторы Советов Қанат Талғатұлы;
– «Семей орманы» Мемлекеттік орман табиғи резерваты Батпаев орман шаруашылығының өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі Дюсеханов Едил Кайратович;
– «Семей орманы» Мемлекеттік орман табиғи резерваты Бегенев филиалының трактористі Мухамеджанов Мұрат Жолдасбайұлы.

Сонымен қатар, іс-шара барысында жоғары кәсіби қабілеті және су шаруашылығын дамытуға қосқан жеке үлесі үшін Министрліктің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың үздік мамандары «Су шаруашылығының үздігі» төсбелгісімен және Министрліктің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Осы айдарда

Back to top button