ҚауіпсіздікТілсіз жауТОП

ШҚО тұрғындарына орман аралауға тыйым салынды

“Өскемен орман шаруашылығы” облыс тұрғындарының мемлекеттік орман қорығын аралауына шектеу қойды.

Бұл шара аймақтағы аптап ыстыққа байланысты жарияланған 4 деңгейлі өрт қатеріне негізделген, деп хабарлайды Didar ақпарат.

– Облыс аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ШҚО әкімінің 2020 жылғы “Орманда өрт қаупі жоғары кезеңде ШҚО мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың болуына тыйым салу туралы” қаулысы қолданылады, -деп хабарлады “Өскемен орман шаруашылығы”КММ.

Айта кетелік, осыған дейін облыс төңірегінде ауа температурасы +41°С-қа дейін көтеріледі деген ескерту жарияланған болатын.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button