Тілсіз жауТОП

Күршім ауданында жер сілкінісі тіркелді

Бүгін сағат 6.00-де Күршім ауданында жер сілкінісі болды.

Эпицентр Құйған ауылынан 20 км таулы жерде орналасқан, ошақтың тереңдігі 15 км, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Күршім ауданында магнитудасы 2 балл болатын жер дүмпулері сезілді.

ШҚО ТЖД жер сілкінісі кезінде өте сақ болып, тез арада ғимараттан шығу керектігін еске салады.

Егер көшеде болсаңыз, биік ғимараттардан, ағаштардан және электр желілерінен аулақ болыңыз.

Көлікте отырсаңыз тербеліс тоқтағанша көліктен шықпаңыз.

-Ғимараттан шығып үлгермеген жағдайда қауіпсіз саналатын орындарға жасырыныңыз: қабырғаның, тіректердің бұрышына немесе мүмкін болса үстелдің астына. Терезелер мен ауыр жиһаздардан аулақ болыңыз, -дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз, бірден “112” арнасына хабарлаңыз.

Ләззәт Қанатқызы

Осы айдарда

Back to top button