Қоғам

Даңқты хоккейшіге тағзым етті

Даңқты хоккейшіге тағзым етті


Өскеменде бір топ спорт ардагері, жас хоккейшілер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері 1976 жылы Австрияның Инсбрук қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атанған даңқты хоккейші Борис Александровты еске алуға арналған шараға қатысты.

Осыдан тура 15 жыл бұрын, 2002 жылдың 31 шілдесінде жол апатынан көз жұмған атақты спортшының рухына тағзым ету шарасы облыс орталығындағы Тәуелсіздік даңғылы бойында орналасқан №3 үйдің жанында ұйымдастырылды. Қатысушылар кезінде Борис Викторовичтің өзі тұрған үйдің бір жақ қабырғасында орнатылған мемориалды тақтаға гүл шоқтарын қойып, хоккейшіні еске алды.

Сондай-ақ, шара аясында 2006 жылы туған жас «торпедолықтарға» даңқты жерлестерінің өмірі мен спорттық мансабынан сыр шертетін деректі фильм көрсетілді.

Нұржан Кенжеұлы

Осы айдарда

Back to top button