Қоғам

Бозайға бөгдеғаламшарлықтар келген бе?

Бозайға бөгдеғаламшарлықтар келген бе?


Аягөзде жолыққан Бозай орта мектебінің директоры Дәулет Есентеміров ауыл маңында бір ерекше оқиғаның болғанын айтты.

-Ауыл сыртындағы жазық алаңқайға келіп із салғандардың бөгдеғаламшарлықтар екенінде дау жоқ деп отыр мұндағылар, -дейді ол…

Алдымен Аягөз ауданындағы Бозай ауылы туралы бірер мәлімет. 1991 жылға дейін Буденный деп аталған бұл елді мекен аудан орталығынан 18-20 шақырым қашықтықта орналасқан. Кезінде осы ауылдың Гүлғайша атты емшісіне бүкіл Кеңес Одағынан ағылған сырқат жандарда есеп болмаушы еді. Сол тұста Бозай маңына бөгдеғаламшарлықтардың келгені туралы деректер де бар…

Бізді тарих пәнінің ұстаздары Әділбек Баймоллаев пен Ерлан Абаев ауылдан 12 шақырым жердегі оқиға болған жерге алып келді. Айта кетерлігі, ауылдың бір топ азаматтары осыдан үш күн бұрын осы жерде болып, бөгде «қонақтардың» салып кеткен «өрнегін» бейнекамераға түсіріп алыпты. Енді «өрнек» жайында. Ромб тәрізді етіп қалыңдығы 40 сантиметрдей жерді ойып алып, бір метрдей жанына жылжытқан қандай күш екеніне таңғаласың! Бәлкім, ойып алынған осындай үлкен жерді «шақырылмаған қонақтар» басқа жаққа алып кетпек болып, орнына тастай салған. Ромб тәрізді жылжытылған жерді өлшедік: ұзындығы 12, ені 4,5 метр. Желді қақпақ секілді ойып, жылжытқан «шақырусыз қонақтардың» мақсаты не болды екен? Бұл сұрақтарға енді уфологтар жауап берер. Біздің мақсат – болған оқиғаны жұртқа жеткізу.

-Менің таңғалып тұрғаным, осыдан үш-төрт күн бұрын келіп бейнежазба жасағанымызда, «ромбының» аумағы көлемділеу еді. Енді қарасам, он сантиметрдей жарық сызық кәдімгідей көміліп барады екен, -деп Әділбек Құрманғалиұлы өзі түсірген бейнежазбаны көрсетті. Шынында да, «ромбты» диаметрі 20-30 метр шеңбер секілді қоршалған сызық көмескі тартып көміліп қалған.

-Ауылда тұрған кез келген тұрғынның өздеріне тиесілі шабындық жері бар. Бұл жер маған тиесілі жердің болғандықтан, өткенде қалың шөптің ортасына әлдекімдердің жерді қазып кеткенін көріп қынжылғаным рас. Кейін жігіттер айтқанда, келіп көріп өз көзіме өзім сенбедім. Жалпы, Сарыоба деп аталатын бұл тарихы тереңде жатыр,- дейді Ерлан Абаев.

Берікхан Тайжігіт
Аягөз ауданы.

Осы айдарда

Back to top button