Қоғам
Ипподромда өткен терапия
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары «Берегиня» үкіметтік емес ұйымымен бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналарын Өскемендегі ипподромда өткен іс-шараға апарды.
Ол жерде балалар атқа отырып жарысып, есектерге отырып серуендеді. Алтыбақан теуіп, сөзжұмбақтар жасырып, өлеңдер оқыды.
Балаларға аттар арқылы ипотерапиялар жүргізілді. https://sto-service.kz/Ипотерапия балаларды қорқу, үрей, ашу, уайым, жек көрушілік сияқты жаман әдеттерден арылтып, өмірге деген өз көзқарастарын өзгертуге көмегін тигізеді.
А.Ибраимова,
Ұлан аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы
Ұлан аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы