Қоғам

«Алтай» көш бастап тұр

«Алтай» көш бастап тұр


Шығысқазақстандық «Алтай» футбол клубы жеңісті жолын жалғастыруда. Екінші лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 17-ші туры аясында Шымкентте жергілікті «Ордабасы» командасының жастар құрамымен кездескен жерлестеріміз қарсыластарынан 1:0 есебімен басым түсті.

Осы орайда айта кетер жайт, соңғы ойындарда алтайлықтарға жеңіске жету үшін бір доптың өзі жеткілікті болуда. Бұл жолы жеңіс голын команданың жартылай қорғаушысы Шейхислам Құлахметов соқты.

Осы жеңісінен кейін 40 ұпай жинаған «Алтай» турнирдік кестедегі бірінші орнын сақтап қалды. Екінші орында қоржынында 39 ұпайы бар алматылық Қайрат (U-21) келеді.

Чемпионаттың 18-ші тур ойындары екі айлық үзілістен кейін, 6-қазанда өтеді деп жоспарлануда. «Алтай» келесі ойынын сырт алаңда көкшетаулық «Оқжетпес» жастар командасына қарсы өткізбек.

Нұржан Кенжеұлы

Осы айдарда

Back to top button