Қоғам

60 ПӘТЕРЛІ ҮЙ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Шемонайха ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылуы туралы онлайн баспасөз мәслихатын өткізген аудан әкімі Григорий Акуловтың баяндауынша,  ауданның экономикасына салынып отырған инвестиция биыл  29,3 млрд. теңгеге жетіп, былтырғыдан 16 пайызға артқан.  Қаржының басым бөлігі  өнеркәсіп саласына жұмсалған.

Ал ауданның ауыл шаруашылығына бес млрд. теңгенің қаржысы құйылыпты. Ауданда 12 тауарлы-сүт фермасы, жеті сүт қабылдау бекеті, 13 мал бордақылау алаңы бар. Сүт өндірісін ұлғайту мақсатында биыл аудандағы   «Рулиха» ЖШС-не сүтті бағыттағы 600 асыл тұқымды ірі қара әкелініп, шаруашылықтың тауарлы-сүт фермасы қайта жарақтандырылған.

МиГ Кредит Астана дает деньги под залог недвижимости в Алматы 

Жыл басынан бері аудан шаруашылықтары төрт млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алған.  Минералды тыңайтқыштарды тиімді пайдаланып, элиталы тұқым көлемін арттыру есебінен ауданда егін шаруашылығы түсімінің көлемі  еселеніп, 23,6 млрд. теңгеге жеткен. Астықтың шығымы гектарынан 25 центнерден айналған.

Бүгінде ауданда 200 мыңнан астам кәсіпкерлік субьектісі жұмыс істеп тұр.  Биыл 399 адам тұрақты жұмыс тауып, 930 жұмыссыз азамат жұмысқа тұрған.

Ауданның әлеуметтік жағдайына ойысқан өңір басшысы  Шемонайха қаласында 60 пәтерлік тұрғын үй, 250 орындық жеке меншік мектеп  салынып жатқанын,  аудан тұрғындарының тұрмысын көтеру, жақсарту  бағытындағы шаралар мен бағдарламалардың кестеге сай жүзеге асырылып, жүргізіле беретінін мәлім етті. Қалада «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан 60 пәтерлік тұрғын үй кезекте тұрған әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға беріледі. Жалға берілетін әтерлер көпбалалы отбасыларға, мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүгедектерге бөлінбек. Михайловка ауылына блокты-модульдік станция салынып, тұрғындардың қолы таза суға жеткен. Жыл соңына дейін Пруггеров ауылына да су құбыры тартылмақ.

Шемонайха ауданында 1578 мүгедек бар. Жұмысқа жарамды 500 мүмкіндігі шектеулі азаматтардың 148-і жұмысқа орналастырылған.

Аудан көлемінде 55 жалпыға қол жетімді спорт алаңдары бар. Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жеті секция, 35 топ  жұмыс істеп жатыр. Елді мекендерде бұқаралық  спортты дамыту мақсатында енді ауылдық округтерге спорт нұсқаушылары жұмысқа алынбақ екен. Желтоқсан айынан бастап Выдриха, Верх Уба, Вавилон, Волчанск ауылдық окургтерінде арнайы спорт нұсқаушылары жұмыс істейтін болады. Қалған округтерге мамандар іздестіріліп жатыр.

Nur Otan партиясының сайлау алды бағдарламасының жол картасын  жүзеге асыру аясында келер жылы аудан бюджетінен 360. млн. теңге бөлініп, аудан орталығындағы үш көпқабатты тұрғын үйдің ауласы, көше жолдары жөнделіп,  ауылдарға он спорт алаңы салынады. Убинка ауылының клубы жөнделмек. Верх Уба, Медведка, Рассыпное ауылдарының сумен қамту жүйесі жөнделмек.

 

                                                                          Жамал Ермен

 

 

Осы айдарда

Back to top button