Мәселенің мәнісі

Зайсандықтар газбен қамтылады

Егер «Тарбағатай Мұнай» компаниясы Зайсан ауданын алдағы он жылға газбен қамтамасыз етуге кепілдік бермесе, Қытайға «көгілдір отын» экспорттауына тыйым салынады.

Бұл туралы облыс әкімі Даниил Ахметовтің бастамасы бойынша Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен кеңес барысында белгілі болды.

Аймақ басшысы атап өткендей, бүгінгі таңда «Тарбағатай Мұнай» кәсіпорны Зайсан ауданындағы 10 елді мекенді газбен қамтамасыз етуде, 2024 жылға дейін тағы сегіз ауылды газдандыру жоспарланған.

– Алайда компания үлкен шығындарға ұшырап жатырмыз және бұл жағдайды Қытайға 75 миллион текше метр газ экспорттау арқылы ғана түзете аламыз деп хабарлап отыр, – деп жазды аймақ басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сарапшылардың бағалауынша, қазіргі барланған кен орындарының қоры алдағы 12-13 жылға ғана жетеді. Әрине, Зайсан ауданының тұрғындары «экспорт басталғаннан кейін қайтадан көмірге көшуге мәжбүр боламыз ба» деп алаңдайды.

– Шын мәнінде, нақ осы жайт шұғыл кеңеске себепші болған. Бірақ бұдан басқа «Тарбағатай Мұнай» өз себептерін басшылыққа ала отырып 2015 жылдан бастап халық үшін отын бағасын алты есеге өсірген. Бұндайға әлемдегі бірде-бір энергияберуші компания жол бермейді. Қазір біз  «Тарбағатай Мұнай» компаниясы тарапынан тек эмоцияларды ғана көріп отырмыз, бірақ іс жүзінде кәсіпорын даму жоспарын да, Зайсан ауданының тұрғындары газбен үздіксіз қамтамасыз етілетініне кепілдік те берген жоқ. Кәсіпорын менеджменті мен бейінді министрліктің келісімдері де көптеген шағымдар мен сұрақтар тудырады, – дейді Даниал Ахметов.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары энергетика министрлігіне газ өндіруші компанияның барлық шарттары мен міндеттемелерін қайта қарауды тапсырып отыр.

Сондай-ақ Роман Скляр кәсіпорын басшылығы мен бейінді министрліктер өкілдері 11 мамыр күні Зайсан ауданының тұрғындарымен кездесіп, жұртты толғандыратын барлық сұрақтарға нақты жауап беріп, міндетті түрде Зайсанды газбен үздіксіз қамтамасыз ету туралы меморандумға қол қоюы тиіс екенін атап өтті.

Егер бұл талап орындалмаса, «Тарбағатай Мұнайға» Қытайға газ экспорттауға тыйым салынады.

Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button