Мәселенің мәнісі

Бес жүзден астам заңбұзушылық анықталды

Арнайы құрылған мобильді топтар 20 мыңнан астам сауда нүктесін тексеріп, 504 заңбұзушылықты анықтады. Бұлар: бағаны жасанды көтеру және рұқсат етілген сауда үстемесін елемеу фактілері. Атап өтерлігі, аудандарда мұндай жұмыс ірі қалаларға қарағанда әлдеқайда жақсы жүруде.

Бұл туралы аудан-қала әкімдерімен әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру мәселесі бойынша кеңес өткізген аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлім етті.

Мониторингтік топтар мына алгоритм бойынша қызмет етеді: азаматтардың жүгінуі – тексеру – алғашқы рет ескерту – 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшеріндегі айыппұл. Егер бұзушылық қайталанса, әкімшілік жаза сомасы 75 АЕК-ке жетеді.

– Біз бағаны тұрақтандыруға, ал бес тауар бойынша төмендетуге қол жеткіздік. Бұл өте маңызды, өйткені әлеуметтік маңызы бар өнімдер – зейнеткерлердің, халықтың аз қамтылған және басқа да қорғалмаған топтарының тұтыну қоржынының негізі, – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ кеңесте аймақ басшысы қалалар мен аудандардың әкімдеріне 7 мамырға дейін барлық соғыс ардагерлерін құттықтауды тапсырды, оларға жыл сайынғы 1,5 миллион теңге көлеміндегі төлем қарастырылған.

Ержан Кеңесұлы

Осы айдарда

Back to top button