Өскеменде үскірік аязға шыдамай үйлер суып кетті. Кім кінәлі?
Облыс орталығындағы бірқатар тұрғын үйлер мен нысандардың аязды күндері салқындап кетуі, олардың жылу маусымын техникалық дайындықсыз бастауына байланысты.
Міне, осындай қорытындыға келген Өскемен жылу жүйелері кәсіпорны, үйлерге берілетін жылудың жылдағыдай мөлшерде беріліп келе жатқанын хабарлады. Бірнеше күн бойы қыспаққа алған аяз жазғы жөндеу науқаны кезіндегі жұмыстардың әлсіз тұстарын анықтауда.
Объектілердің едәуір бөлігінің техникалық дайындықсыз іске қосылғанын да айта кету керек. Жүйелері техникалық дайындықпен іске қосылған үйлерде мұндай жағымсыз жақтар аз байқалады. Қызмет көрсететін персоналдың жылу жүйесіне кіретін жылу тасымалдағыштың температурасына назар аударған жөн. Тәжірибе көрсеткендей, бұл жылыту жүйесінің оңтайлы жұмысын жасау үшін жеткілікті болып табылады. Ішкі ауа температурасы айтарлықтай төмендеген үйлер, жаз мезгілінде алдағы жылыту маусымына дайындықты мұқият жүргізу ұсынылады, – делінген компанияның ресми сайтында.
Азамат Темірбеков