Саясат

Тәлімгерлік тәжірибесі талқыланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық басқармасы облыстық ішкі істер департаментінің базасында «Ішкі істер органдарында тәлімгерлік ұйымдастыру тәжірибесі туралы» семинар ұйымдастырды.

Тәлімгерлік тәжірибесі талқыландыЖиында ішкі істер органдарындағы тәлімгерліктің мақсаты, міндеті және ұйымдастыру принциптері туралы ішкі істер департаменті кадр басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Е.Рамазанов баяндама жасады. Жол полициясының инспекторы, полиция капитаны В.Зайцев өзінің тәлімгерлік тәжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ, баяндамашылар тәлімгерлік мәселелерінде психологиялық қызметті қолдану, тәлімгерлік ұйымдастырудың ерекшелігі сияқты өзекті тақырыптарды қозғады.

Семинар соңында ішкі істер органдарындағы үздік тәлімгерлер В.Зайцевке, старшина В.Письяковқа, аға сержанттар Н.Букеев пен Н.Ахметовке алғыс хаттар тапсырды. Қатысушылар облыстық ішкі істер департаментінің психологиялық демалу бөлмесін, жедел басқару орталығын және әскери даңқ мұражайын аралады.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button