ШҚО-да таулы аймақта өрт шықты
Катонқарағай ауданында өрт шықты.
“Катонқарағай ұлттық табиғи паркі” РММ Ақсу филиалының аумағында (Усть-Язовое орманшылығы) жетуі қиын таулы жерлерде құрғақ шөп, бұта жанып жатыр ,деп хабарлайды Didar ақпарат.
Төтенше жағдай қызметінің ақпараты бойынша, өрттің аудан анықталуда. Елді мекендерге қауіп жоқ.
Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД өрт сөндірушілерінің, орманшыларының, жергілікті атқарушы органдарының және Қазавиаорманқорғаудың жеке құрамынан 123 адам, 3 бірлік техника және ШҚО әкімдігінің авиация бөлімшесінің 2 тікұшағы жұмылдырылған.
– Рельефке жету қиын. Тікұшақтармен 10 рет су төгілді. Белсенді жану ошақтары жоқ. Кей жерлерде жекелеген түтін нүктелері бар, ол жерде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өрттің таралуына жол берілген жоқ.
Осы жерде ШҚО әкімінің орынбасары Е. Нұрбаев бар. Облыс әкімі Е. Көшербаев қазір Риддер қаласынан 80 шақырымдағы өрт шыққан жерде, ондағы өрт қазіргі таңда оқшауланған, – делінген ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.