Шыңғыс ханның Мұзтауда жерленгені рас па?
«Белые воды» атты кітәбі басылып шыққанда, осы кітәптің бір данасын әкемізге Мәскеуден салып жібергендегі хатында Николай Горбачев былай деген екен: «И все же испытываю светлые чувстсва: пожалуй не бывает дня, что бы не вспомнил совсем недавную поездку в Болшенарымск, время, проведенное с Вами, встречи со многими людьми, — это великая и животворная отдушина, и я с безмерным сердечным волнением вновь благодарю Вас, Зарипкан Бұлгунбаевич, за все, кажется, сверхмеры сделанное Вами, Вашими товарищами в то короткое, но незабываемое посещение родины». Николай Горбачев «сверх меры» дегенде, оған қандай құрмет көрсетілгенін айтқан екен? Әлде, Мұзтаудың басына шықты ма екен? Жазушы өз кітәбінде Мұзтаудың басын сипаттаған. Мынадай сөздер жазған: «Через их недоступные и непроходимые, вечно заснеженные, в наплывах мощных ледников гранитные глыбы, отделявшие края «черновых татар», белых калмыков, телесов, ханей, Джунгарию, путь был заказан, — только редкие смельчаки, да и то окольными, кружными тропами отваживались ходить в басурманские погибельные места».
Бұл жерде жазушы Мұзтаудың басының қатерлі екенін айтады. Бірақ та, адам баласы жын-періден қаншама қорықса да, таудың басын көруге құмар болып, жүрек жұтқандары шығып жүрген. Өйткені, жазушының айтуынша: «Соглядатаи, платные доносчики, из охотников и купцов, прожужжали уши Акиньфию Демидову, уральскому заводчику из тульских кузнецов, родителю которого Петром первым пожаловано дворянство, о диковинных «золотых горах», о несметных подземных сокровищах, хранившихся в том «каменном» краю». Бұл мәліметтерді жазушы көп жылдар бойы жинағанда, аңыздардан, көне көз қариялардың еміс-еміс әңгімелерінен сарқыған. Алтын таулар, жер астындағы қазна туралы хабар, кенді Алтайдың байлығын айтқаны емес, қаншама құпия қалса да, көмген кезде ұшқан құс, жүгірген аң көріп қалған Шыңғыс ханның жер астындағы жатқан байлығына қатысы бар болуы ғажап емес. Орыстардың бұл жерлерге келгенде, қазба жұмыстарын астыртын жүргізгені, тіпті, қазбаларды таситын жолдан қазақтарды аулақ қуғандары жөнінде, тарихи деректермен негіздеп Менғали Мусин ағамыз өзінің жазған \”Дети Каратая\” атты кітәбінде де айтқан екен. Жоталардың басындағы орларды маңғолдар қазбаған десек, оларды құпия түрде орыстар қазғандай. Шыңғыс ханның моласын іздегендіктен, осы орлардың казылуы оның атына қатысты айтылып кеткен болуы керек.
Шамбаланың бар екенін, дүние жүзіндегі елдердің барлық патшалары, хандары, корольдары естіп-білген. Тіпті, материалист Ленин де, осы жерді іздеткен. Өйткені, Шыңғыс ханның моласында жатқан байлығы, қандай да болса бір елдің қазынасына айтарлықтай демеу болатыны анық. Оны қазып алған мемлекет бұл жайды құпия ұстайды, өйткені, тоналған елдер өздерінің үлестерін талап етеді. Бәлкім, орыстар қазып алған да болар. Осыдан кейін қазнада құпия жатып, оны тек патшалар ғана біліп отыруы ғажап емес. Революция кезінде, патшаның қазынасындағы алтынды Колчак әкетіп тығып тастаған. Колчак қолға түскенде, чекистер оны көп ұзатпай атып тастаған. Ал енді, «Золото Колчака», яғни, Колчактың алтыны табылмай қалған. Чекистер, алтынды таптырмай Колчакті атып тастайтындай ақымақ болмаған шығар, бәрінің іздегені сол алтын болса. Мүмкін, ол алтын қазына коммунистердің қолына түскен шығар. Кеңес үкіметі құлағаннан кейін, «Золото партий» деген шықты. Оны да, ешкім көрген жоқ. Шыңғыс ханның қазынасы, Колчактың алтыны, партияның алтыны, аттары бар да, заттары жоқ болса да, ізденушілерге тыным бермейді. Петр біріншінің заманында, қазына іздеушілер ежелгі молалардың барлығын қазып шыққан. Жаппай қазына іздеу науқаны, сол заманда кең орын алған. Археологиялық экспедицияда болғанымда, Воронеждік профессордың мидай далаға қарап тұрып: «мына жерді қазыңдар» дегенде, әлгі жазықтың астынан, Шыңғыс ханнан да бұрынғы қимақтардың молаларының шығатынын көрген едім. Осындай көрегендері тұрғанда, Шыңғыс ханның моласы баяғыда қазылып алынған болар. Тарихшылардың айтатын басты қағидасы: «Жер бетінде орын алған оқиға болсын, дүние болсын, мәңгі-бақи құпия қала алмайды, міндетті түрде оның сыры ашылады, өйткені, табиғат солай жаратылған\”.
\”Бөрі найман\” атты кітәбім бірінші басылымнан шыққаннан кейін, бір данасын сол кезде танысқан байжігіттің белді бақсы-балгері, көріпкел, дін-мұсылман жолын берік ұстанған, мені де шариғаттың жолына баулып намазға жыққан Бибі Сандуғашқа сыйлаған едім. Бибінің бойындағы қасиеті нағашы әжесі Рәзия апай арқылы наймандағы Қыржы Ырғызбай әулиеден келе жатыр. Бибі Сандуғаш Мәскеудің \”Космоэнергетика және Альтернативті психология\” институтын, аты әлемге әйгілі, Тибеттен шықпайтын татар Эмиль Багировтың өзінен оқып бітірген. Мұзтаудың ғарыштан қуат қабылдайтыны белгілі. (Космическая энергия). Мұзтау Бибіні осы тұрғыдан қызықтырған болуы керек. Өйткені, оның өзінің бойы да, ғарыштық қуатты қабылдайды. Осы тарауды оқып алған Бибім, перінің қызы болғандағынан жын-періден қорықпайтынын айтып, Ресейдегі құрбысы, өзі сияқты касиетін ұстаған Элеонора арқылы жолшыны (проводник) тауып, менімен бірге Мұзтаудың басына шығуды арман етті. Ырғызбай әулиенің рухының аян беріп жүретіні белгілі ғой. Кітәбімді оқығаннан кейін Бибі атасынан аян алыпты. Атасының аруағы оған: \”Қызым! Бұл тау — бақсылардың тауы. Шыңғысханның өзі де ұлы бақсы болған. Тауға баратын болсаңдар өздеріңмен бірге бір татарды, онымен бірге бір төрені ертіп алыңдар. Төре — Жошының нәсілінен болсын!\” деген екен. Төренің жөні белгілі, ал енді, \”татарды алып алыңдар\” дегені, \”молданы алып алыңдар\” дегені болуы керек. Ырғызбай әулиенің заманында мықты молда татардан еді ғой. Ал енді, осы Бибі Сандуғаштың шәкірті Тұрар бақсы, Мұзтаудың маңайында аң аулап жүргенінде, артқы жағынан Шыңғыс ханның аруағының жақындап келгенін сезіп қалып, шошығанынан отыра қалып Есүгей ұлы Темежәнға бағыштап құран оқи кетіпті. Осыдан кейін түнде аян алып, Көк тәңіріне табынатындардың бір үңгірдің ішінде орналасқан монастырьін көріпті. Сол үңгірдің төрінде домбыра тартып Кербұқа бабаның аруағы отырған екен. Мен бұл әңгімені Тұрар бақсының өз аузынан естідім. Есі дұрыс адам. Аян көріпкел. Терістаңбалыдағы Сатый батырдың ұрпағы. Әрине, материалистік тұрғыдан қарағанда ешқандай да аруақтардың жоқ екені белгілі. Аруақ дегеніміз көне ұғымнан қалған діни наным ғана. Олай болса, Тұрар бақсы нені сезген? Психология ғылымында \”интуиция\” деген бар. Бұл дегенің адамға берілетін ерекше қасиет. Қазақша айтқанда \”сезу\”. Демек, бойында елден ерекше көріпкелдік қасиеті бар Тұрар бақсы сол маңдағы Шыңғыс ханның қабірленген жерін сезген. Материалистік психологтардың тілімен айтқанда, осы сезім оның ойына аруақ ретінде келген деуге болады…
Шыңғыс хан туралы жазып жүрген Қайрат Закариянов мырза екі джип көлігімен Монғолияға экспедиция ұйымдастырыпты. Қайткенде де, бұл бос және де оңай сергелдең еді. Пайдасы да болмады. Осы сергелдеңге жұмсалған қаржыны Найман Көктің басына шығатын экспедицияға жұмсаған әлдеқайда жөн болар еді. Әркімнің өзінің Фудзиямасы бар. Мұзтаудың басына шығатын экспедицияны қаржыландырамын, бірге барамын дегендер бізбен хабарлассын. Бұл сапарға Шыңғыс ханның ұрқынан — Жошының тармағындағы Әз-Жәнібек ханның нәсілі, найманды билеген Көшек ханның ұрпағы, астауды алтыннан жасатқан Санияз сұлтанның тұқымы, Көжарлыны, Ақ найманды, Қожамбетті, Байжігітті билеген Қамбар төренің тұяғы, менің бала кезімнен бергі досым Мұқанай-төрені сайладым. Осы Мұқанай төренің туған інісі, Жетісу төрелер қауымдастығының төрағасы, Қазақстан республикасының мәдениет қайраткері, \”Хан Кенесары\” қорының президенті Мұқтархан төре қырғыз еліне барып, кезінде қырғыздар өлтіріп денесін бір сайдың ішіне жасырып көміп тастаған Кенесары ханның сүйегін мықты бір әулие сәуегейге таптыртып, елімізге алып келіп арулап қойдыртқан еді. Басқалары бұл істі мойындамай, ақырғы ханымыздың сүйегін әлі іздеп жүр…
Әрине, бұл жердегі басты мәселе, Шыңғыс ханның жатқан жері табыла қалса оның қабірін қазып алып, қазынасын тонап алғанда емес. Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұхтар Мағауин ағамыз Шыңғыс хан жөнінде: \”Шыңғыс хан адамзат тарихындағы ең ұлы тұлғалардың бірі, ал біз үшін мәңгі мақтаныш. Егер Шыңғыс хан болмаса, қазақ деген халық та жаңа ұлыс құрамында ұйысып, үсті бейіш, асты кеніш, осыншама ұлан-байтақ жердің бірден-бір қожасына айналып, бүгінгі күніне жете алмас еді\”. — деген екен. Қазіргі таңда Шыңғыс ханның қазақ болғаны жөнінде көп жерлерде айтылып жүр. Екінші басылымға дайындап жатқан \”Бөрі найман\” атты кітәбімнің \”Наймандар және төрелер\” деген тарауында Шыңғыс ханның қоңырат тайпасынан шыққаны жөнінде айтылады. Тіпті, Кеңес дәуірінде жазылған Әйтім Әбдірахмановтың \”Қазақстан этнотопонимикасы\” атты еңбегінде де, қазақтың қоңырат тайпасы мен Шыңғыс хан шыққан қият тайпасының түбі бір екені айтылған. Бағзы замманнан бері айтылып келе жатқан шежіре деректерінде қият тармағы Қоңырат тайпасының құрамында көрсетілген. Найман, Қоңырат, Қаракесек, Қыпшақ, Жалайыр, Алшын тайпалары \”алты бөрік алаш\” одағында болып, ең алғашқы, қарт қазақ қауымын құраған. Иә, Шыңғыс хан нағыз, қарт қазақ болған. Қазіргі таңда неше түрлі әулие-сымақтардың, тарихта тырқ етіп те аттары шықпаған батыр-барымташылардың бастарына ұрпақтары кесене тұрғызып, халық солардың басына барып зиярат етіп сабылып жүр. Аруақтарды қадірлеу ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүр. Сондықтан, Алаштың арысы, Әз-Алаша хан, мыңжылдықтың ең ұлы адамы Шыңғыс ханның жатқан жері белгілі болса, исі қазақтың оның басына барып құран оқып зиярат ететіні сөзсіз.
Қайрат Зәріпханұлы. \”Бөрі найман\” атты кітаптің авторы.
(Соңы. Басы газеттің №124 санында жарияланды)