Саясат

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың тұрғындар алдындағы есепті баяндамасының ТЕЗИСТЕРІ

Шығыс Қазақстан облысының әкімі
Даниал Ахметовтың тұрғындар алдындағы
есепті баяндамасының ТЕЗИСТЕРІ

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың  тұрғындар алдындағы  есепті  баяндамасының ТЕЗИСТЕРІ

2015 жылы Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы НАЗАРБАЕВ анықтаған дамудың негізгі стратегиялық мақсаттарын іске асыру жалғасын тапты.
Ағымдағы кезеңдегі күрделі экономикалық жағдайларда өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық ұстанымының тұрақтылығы күрделі сынақтан өтті.
Өткен жылы жалпы өңірлік өнім 100,5% өсті және 2,2 трлн. теңгеден асты.
Өндірістің барлық салалары бойынша экономикалық өсімнің оң қарқыны сақталды.
Негізгі капиталға инвестицияның көлемі 119%-ға, құрылыс жұмыстарының көлемі 109%-ға, бөлшек тауарайналымы 105%-ға өсті.
Облыстан барлық деңгейдегі бюджеттерге 184 млрд. теңге салық аударылды, меншікті кірістер 105,5%-ға өсті.
Жұмыссыздық деңгейі өткен жылдың деңгейінде қалды. Орташа айлық жалақы 105%, халықтың ақшалай кірістері 103% өсті.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 100,6% өсті (+1,8 млрд. теңге).
Сонымен бірге, өнеркәсіп өнімінің өндірісі 9% төмендеді. Облыс кәсіпорындары 1 триллион 22 млрд. теңгеге өнім шығарды, бұл өткен жылғыдан 93 миллиардқа аз.
Өндірістің төмендеуінің негізгі себебі машинажасау саласындағы өндіріс көлемінің 52% төмендеуі себеп болды, оның 74% «Азия Авто» АҚ өнімдерінің көлемі құрайды.
Өндіріс көлемінің осылай құлдырауы 2014 жылдың соңында ресей рублі бағамының құлауына байланысты болды, бұл Ресей мен Қазақстандағы жаңа және ұсталған автомобильдер бағаларының айтарлықтай айырмашылығына әкелді.
Бұдан басқа, өткен жылдың басынан бері Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарт бойынша ЕАЭО мүше мемлекеттерінің аумағынан тауар әкелу кезінде жеке тұлғалар үшін ҚҚС төлеу алынып тасталды, бұл қазақстандық автомобиль өнеркәсібін жалпы жағдайын одан әрі қиындатты.
Бұл қазақстандық автонарықты бәсекеге қабілетсіз етті және «Азия Авто» АҚ тауар өнімінің 80% төмендеуіне себеп болды. Кәсіпорын 84,7 млрд. теңгеге 22 мың автомобильді жете шығарған жоқ, бұл облыс өндірісінің көлемдеріне әсер етті.
Екінші себеп – әлемдік нарықтағы металл бағасының құлауы, бұл тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің төмендеуіне ықпал етті.
Әлемдік экономиканың ғаламдық тұрақсыздығы жағдайында өндіріс көлемін толтыру үшін «пәрменді» жобаларды іске асыру, өндірістің техникалық және технологиялық жарақтануы қарқынын ұлғайту басты назарға алынуда.
Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының бірінші кезеңінде 226 млрд. теңгеге 48 жоба пайдалануға енгізілді, 7 мың жұмыс орны ашылды, 7 млрд. теңгеден астам салық аударылды.
Өткен жылы 5,5 млрд. теңгеге 7 жоба іске асырылды, 562 жаңа жұмыс орны ашылды.
Өңір экономикасына екінші ірі салым үлесін қосатын агроөнеркәсіп кешені болып табылады.
Өткен жылы бұл салаға барлық қаржыландыру көздерінен 42 млрд. теңге тартылды, өткен жылға қарағанда өсім 117%, соның ішінде мемлекеттік қолдау барлық инвестициялардың үштен бірін немесе 14 млрд.теңгені құрады.
Бұл аграрияға ауыл шаруашылығы техникасын нысаналы жаңарту, заманауи технологиялар енгізу, сүтті және етті мал шаруашылығын дамыту мүмкіндігін берді.
Ауыл шаруашылығын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар ауыл шаруашылығы өндірісінің құлдырамауына, ал кейбір көрсеткіштер бойынша көтерілуіне мүмкіндік берді.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 101%-ға, тамақ және қайта өндеу өнеркәсібі кәсіпорындарында тауар өнімі өндірісі 104%-ға өсті.
Өткен жылы ең табысты дамыған сала – мал шаруашылығы. Ет, сүт өндірісі, ірі қара мал, жылқы мен құс санының өсіміне қол жеткізілді.
Облыста сүт өндіру және қайта өндеу өндірісін ұлғайту бойынша негізгі бағыт сүтті мал шаруашылығын дамыту жобасы болып табылады. 37 сүтті тауар фермасының құрылысы және қайта жаңартылуы және 33 сүт қабылдау пунктін құру басталды, бұған тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылықтары тартылды және осы негізде сүт өндеу кәсіпорындарының қуаты 34-тен 50%-ға ұлғайтылды.
2 жаңа тауарлы-сүт фермасының құрылысы аяқталды, 11 жұмыс істеп тұрғаны қайта жаңартылды, тұрғындардан сүт сатып алу үшін 24 сүт қабылдау пункті ашылды.
Жалпы алғанда өткен жылы агроөнеркәсіп кешенінде 5 млрд. теңгеге 94 жоба іске асырылды.
Суарылатын жерлерді түгендеу бойынша жұмыс жасалды. Қолданылмайтын және тиімді қолданылмай жатқан учаскелер анықталды, олар бойынша нарықтық ортадағы қаржылай тұрақты шаруашылықтарға өткізу шаралары басталды, бұл жер иелері меншікті қаражаты есебінен суарылатын жерлерді қалпына келтіру немесе қайта жаңарту жұмыстарын жасайды. 9,7 мың га жер алынды, 35 мың га суарылатын жерлерге жалдау шарттарын бұзу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Кәсіпкерлік саласында да оң қарқын сақталған. Шағын және орта бизнестің белсенді жұмыс істеп жатқандар саны өсіп келеді. Бұл үшін Бизнестің Жол картасы бойынша мемлекет 1,6 млрд. теңгеге несиені субсидиялады, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге 34 млн. теңге грант ұсынылды. Өндеу өнеркәсібіндегі шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы бойынша 6 млрд. теңгеге кәсіпкерлердің жобалары жеңілдетілген мөлшерлемемен (6%) қаржыландырылды. Бұл шағын бизнеске 11 мың жаңа жұмыс орнын ашуға, жергілікті бюджетке салық төлемдерін 105% ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Қаржы нарығында айтарлықтай өзгерістер болды, несие белсенділігі төмендеді. Банктерден берілген несие көлемі 31,5% төмендеді, соның ішінде заңды тұлғаларға ұлттық валютада несие беру 43% азайды.
Алайда, депозит көлемі 138,3% өсті, заңды тұлғалар салымдары 2 есе және тұрғындар салымы 129,5% өсті.
Біздің облыс кең ауқымдағы сауда-экономикалық байланыстарға ие. Өткен жылы 1 млрд. теңге АҚШ доллары көлемінде сыртқы сауда айналымының оң сальдосы қалыптасты, бұл орайда айналымдағы айтарлықтай үлес Еуразиялық экономикалық одақ мүшелеріне тиесілі.
Инфляциялық үрдістерді тежеу бойынша жұмыс тұрақты бақылауда. 650 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді, тұрақтандыру қорының өнімдері сатылады.
Тұтыну бағаларының индексі 13,2% құрады.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша шаралар кешені 18 мың жаңа жұмыс орындарын ашуға, аз қамтылған азаматтардың санын 24%-ға азайтуға мүмкіндік берді. Бір жылда 1,5 млрд. теңгеге 600 шағын несие берілді.
Өскемен қаласы, Аягөз, Бесқарағай аудандарында жатақханалар құрылысы аяқталды.
Өткен жылды біз құрылысы созылып кеткен 118 нысандағы проблемалық балластпен бастадық. Бұл нысандар құрылысы 2004-2013 жылдар аралығында жүргізілген. 2015 жылы жағдайды өзгертіп, 94 нысан пайдалануға берілді. 24 нысанды пайдалануға енгізу қажет.
Өткен жылы барлығы 318 мың шаршы метр тұрғын үй (3,3 мың пәтер) енгізілді, алдыңғы жылға қарағанда өсім 101,5 % құрады.
Әлеуметтік саланың 43 нысаны пайдалануға енгізілді.
Қалалар мен аудан орталықтарында 333,5 км жолдар мен 65 көше қайта жаңартылды және жөнделді.
«Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде 4 млрд. теңгеге жылумен қамту нысандарын жаңарту бойынша 12 жоба іске асырылуда.
Өткен жылдың соңында Еуропа Қайта жаңарту және Даму Банкімен Семей қаласының жылумен қамту, сумен қамту жүйелерін жаңғырту бойынша 10,8 млрд. теңгеге несие шарттары жасалды.
Тұрғын үй қорын жаңғырту шеңберінде 21 тұрғын үй жөнделді, «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша 7 нысан пайдалануға берілді. Облыс тұрғындарының орталықтандырылған сумен қамтуға орташа қолжетімділігі 86% құрады.
Тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартумен байланысты әлеуметтік блок мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Білім беруде ең алдымен құрылысы басталған нысандар құрылысын аяқтау. 2015 жылы 14 мектеп пайдалануға енгізілді, соның ішінде апатты мектеп орнына 7 мектеп, орын тапшылығы бойынша 7 мектеп.
Балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі білім берумен қамту мәселесін шешу үшін қосымша 40 нысан ашылды.
Білім беру сапасы да маңызды фактор. Біздің облыстың барлық 45 гимназия, лецейлер және мамандандырылған мектептер тексеруден өткізілді, нәтижесінде оның 9-ы тиісті білім беру деңгейін қамтамасыз етпей отырғаны анықталды.
Қазіргі уақытта 4 мектеп мәртебесінен айрылған, ал 5 мектеп бойынша Өскемен және Риддер қалаларының басшылығы ағымдағы оқу жылының соңына дейін олардың нәтижелілігін көтеру бойынша міндеттемелерді мойындарына алды. Мектеп мәртебесін өзгертуден үнемделген қаражат облыстың ең дарынды оқушыларын дайындаған мұғалімдерді марапаттауға жұмсалады.
Сонымен бірге, облыста жоғары жұмыс нәтижесін көрсетіп жатқан мектептер бар, сондықтан қазір білім басқармасы өңірлер әкімдерімен бірлесіп, оларды мектептің жоғары мәртебесін алуға дайындау бойынша жұмыстар жүргізуде.
Бұдан әрі, әрбір үшінші жыл гимназиялар мен лицейлер қызметіне мониторинг өткізіледі.
Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасын шешуде демеушілермен бірге көмек көрсететін «Мейірім» жобасын іске асыру жалғастырылды. Акция барысында 490 адам тұрғын үймен қамтамасыз етілді, балалар есепшоттарына 238 млн. теңге аударылды.
Облыстың денсаулық сақтау саласында аурулардың алдын алу, диагностикасы және емдеуінің инновациялық технологиялары белсенді енгізіліп жатыр. Өткен жылы 1300-ға жуық адам облыстан шықпай, жоғары мамандандырылған көмек алуға мүмкіндік алды, соның ішінде жүрекке 340 ашық операция жасалды.
Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту үшін Диагностикалық орталық базасында Call-орталық құрылды.
Өткен жылы 10 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға енгізілді: Облыстық қан орталығы, Өскемен қаласындағы оңалту орталығы, Семей қаласындағы жедел және шұғыл медициналық көмек станциясы, 7 ауылдық дәрігерлік амбулатория.
Кадрлық әлеуетті дамытуға ерекше назар аударылады. Біздің мекемелер 210 жас маманмен толықты.
Негізгі бағыт медициналық қызметкерлерді оқыту болып табылады.
Өткен жылы Өскемен қаласында Драма театрының жаңа ғимараты салынды, жастар театры ашылды.
23-тен аса ірі мәдени іс-шара өткізілді.
Спортта құрама командаларды қалыптастырудың жаңа принциптері бекітілді, спорт ұйымдарының құрылымы өзгертілді.
«Казцинк-Торпедо» хоккей клубы «Торпедо-Өскемен» ХК болып қайта ұйымдастырылды. «Б» тобында Жастар Хоккей Лигасында қатысатын «Алтай- Altay» командасы құрылды.
Облыста Футбол академиясы құрылды, оған Испаниядан 7 кәсіби маман (6 жаттықтырушы және 1 аудармашы) шақырылды.
Ортақ волейбол клубы ашылып, үздік жаттықтырушылар және спортшылармен қамтылды. Орталық жүзу бассейнінде спорттың су түрлерінен балалар-жасөспірімдер мектебі ашылды.
Экологиялық жағдайды тұрақтандыру және жақсарту бойынша жұмыстар жалғасуда, осы мақсатта табиғат қорғау іс-шараларына 3 млрд. теңгеден аса қаражат жұмсалды.

Осы жылға және алдағы перспективадағы жоспарлар мен іс-қимылдар
«Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарын орындау бойынша нақты жұмыс Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 қарашадағы Жолдауындағы міндеттермен және Шығыс Қазақстан облысының Адымдық іс-шаралар жоспарына сәйкес құрылады.
«Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру» бірінші реформасы шеңберінде кадрлардың тұрақсыздығы мен кәсібилігі міндетін шешу тұр. Жұмыс «Мемлекеттік қызмет туралы», «Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», Жаңа Этикалық кодексі жаңа Заңдары негізінде мемлекеттік аппараттың тиімділігін жоғарылатуға бағдарланатын болады.
Мемлекеттік аппараттың кәсібилігін жоғарылатудың басқа құралы 2016 жылы барлық әкімшілік қызметшілердің кешенді аттестациясын өткізу болады. Аттестация өткізу кезінде, заңнаманы білу ғана емес, сондай-ақ қызметтік міндеттемелерін тиімді орындау үшін қажетті жеке бас және кәсіби сауаттылығы бағаланатын болады.
Құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге қатысты «Заңның жоғары маңыздылығын қамтамасыз ету» екінші реформа шеңберінде, құқыққорғау органдарына, ең алдымен адамның мүддесін қорғау және құқықтық тәртіпті сақтау қызметін атқаратын полицияға тұрғындардың толық сенім білдіруіне қол жеткізу қажет.
Бұл үшін жергілікті билік органына және жергілікті қауымдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметі құрылған. Оның құзырына қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрмыстық қылмысқа қарсы іс-әрекет, жол қауіпсіздігі және ұсақ құқықбұзушылықтарға «нөлдік» шыдамдылықты қамтамасыз ету мәселелері кіреді.
Инновациялық индустриялизация, инвестициялар тарту, экономикалық өсімді қамтамасыз етуді жалғастыруға бағытталған «Индустрияландыру және экономикалық өсім» үшінші реформасы шеңберінде ауқымды жұмыс жасау міндеті тұр.
Күрделі экономикалық жағдай мен облыстың дамуына кері дағдарыс факторларының салдарын азайту міндеттерін есепке алып, 2016-2018 жылдарға арналған экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспары әзірленді.
Бюджет саясатын оңтайландыру бойынша жоспарланған жұмыс жүргізілуде. Бюджеттік бағдарламаларлы толық түгендеу және қабылданып жатқан шаралар бос шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Имидждік іс-шаралар өткізуге байланысты күрделі шығындардың негізсіз өсіміне байланысты шығыстардың ұлғаюына жол бермеу міндеттері қойылады.
Сондай-ақ, жеке капиталмен қаржыландырылуы мүмкін шығыстарды болдырмау жолдары қарастырылуда.
Концессиялық жобаларды іске асыру және халықаралық қаржы институттарынан қарыз қаражат алу арқылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік принциптерін пайдалана отырып, бюджеттің жүктемесін барынша азайту біздің негізгі міндетіміз болып табылады.
Қазіргі уақытта 113 млрд. теңге сомасына 21 концессиялық жоба түрлі сатыда дайындықта тұр.
Оның ішінде ағымдағы жылы Өскемен қаласында 6 балабақша және Семей қаласында 5 балабақша құрылысы бойынша 6,8 млрд. теңгеге концессия шарттарына қол қойылды.
Өскемен қаласындағы тағы 5 концессиялық жоба бойынша жобалық құжаттама әзірлігі жүргізілуде және ағымдағы жылғы мамырда конкурс өткізу жоспарланған.
Өскемен қаласында 300 төсек орындық көп салалы аурухана және Семей қаласында 200 төсек орындық балалар қалалық ауруханасы бойынша конкурстық процедуралар басталды. Барлық құны 21 млрд. теңге.
Бірінші жартыжылдықта 23,7 млрд. теңгеге Күршім ауданында Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір өткелі құрылысы жобасы бойынша конкурс өткізіледі.
Жыл соңында Өскемен қаласында Виноградов көшесі қиылысында Ертіс өзені арқылы «Өскемен-Семей» автомобиль жолына шығатын көпір өткелі құрылысы бойынша конкурс жариялау жоспарланған.
Бұдан басқа, инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша 5 басым жобаны іске асыру басталды, оларды «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде Еуропа Қайта жаңғырту және даму Банкі қаржыландырады.
Семей қ. Инженерлік инфрақұрылым бойынша 11 млрд. теңгеге екі шартқа қол қойылды және ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықта Өскемен қаласы сумен қамту және су бұру жүйелерін жаңарту бойынша және Өскемен және Семей қалаларында 5,9 млрд. теңгеге көше жарығын энергия үнемдеушіге ауыстыру тағы 3 шартқа қол қойылды. Барлығы алғашқы жартыжылдықта Еуропа Қайта жаңғырту және Даму Банкі арқылы 17 млрд. теңгеге қаржыландыруды қамтамасыз ету жоспарланған.
Осы жобалармен қатар, 154 млрд. теңгеге 124 жоба бойынша қаржыландыру мәселелері пысықталуда, оның 101-і бойынша барлық техникалық құжаттама дайын.
Алдағы 3 жылда өңірге 200 млрд. теңге шетел инвестициясын тарту міндеті қойылған.
Бүгін де қысқа мерзімді перспективада ең үлкен мультипликативті әсер беретін және еңбекке қабілетті тұрғындардың жоғары жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ететін салаларды қолдау маңызды болып табылады.
Облыста Инвесторларды тарту және инвестициялық климатты жақсарту бойынша өңірлік кеңес құрылды. Басты міндет «жалғыз терезе» қағидасын құру.
Облыс экономикасының жағдайы және орта мерзімдік перспективалар өңір өнеркәсібінің дамуымен тікелей байланысты, және Индустрияландыру картасының жобаларын іске асыруға басты назар аударылады.
Облыстың мақсаттары мен айтарлықтай әлеуетін есепке ала отырып, ағымдағы жылы Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша 9 млрд. теңгеге 9 жобаны енгізу жоспарланған, 900 жұмыс орны ашылатын болады.
Тек әртараптандырылған экономика ғана ғаламдық дағдарыс салдарына тиімді қарсы тұра алады. Біздің экономиканы локомотив ретінде алып шыға алатын жобаларға басты назар аударамыз.
– «Ақтоғай ТКБ құрылысы»;
– «Өскемен қаласында толық циклды автозауыт және автобөлшектер шығаратын технопарк құрылысы».
Елбасының басқа мемлекеттердің экономикасын дамтықанша ішкі сұраныс проблемаларын шешумен айналысу керек деген идеологиясын ұстануымыз керек.
Жаңа автозауыт құрылысы басталып кетті. Мемлекеттік инвестициялар есебінен 5,7 млрд. теңгеге инфрақұрылым салынып жатыр. Барлығы өткен жылы 1,4 млрд. теңге игерілді.
Автозауыт құрылысымен бір уақытта меншікті зауыттың, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы басқа автоөндірістер үшін автобөлшектер өндірісі бойынша бірлескен кәсіпорынды кезеңмен құру жоспарланған. Бұл өндіріс өнімдердің өзіндік құнын азайтуға және жаңа жұмыс орындарын құруға көзделген.
Бұл үшін Қазақстан экономикасындағы автомобиль өнеркәсібіндегі өсіп келе жатқан сұраныс пен оның маңыздылығын назарға алып, автомобиль кластері құрылатын болады. «Pricewater houseCoopers (PwC)» ірі халықаралық консалтингтік компания тартылған, ол шағын және орта бизнес үшін өндіріс ұйымдастыру бойынша ұсыныстары бар шебер-жоспарын ұсынды.
Минералды-шикізат базасының азайып бара жатқан қорын толтыру үшін облыстың жер қойнауын пайдаланушыларымен геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыру бойынша жұмыс жалғасуда.
Республикалық бюджеттен қаржыландыру 2 есеге өсті, «Қазцинк» компаниясы осы жұмыстарға 5 жыл ішінде 15 миллиард теңгеден кем емес қаражат бөлуді жоспарлап отыр.
Ғылымды қажет ететін экономиканы қалыптастыру мүддесінде облыстың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары отандық және шетелдік ғылыми, жобалық ұйымдарымен, академиялық ЖОО-мен, зерттеу институттарымен және конструкторлық бюролармен бірлесіп 5,4 млрд. теңгеге технологиялық процестерді оңтайландыруға және жаңа экономикалық тиімді қызмет бағыттарын дамытуға мүмкіндік туғазатын 10 маңызды ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды әзірлеуде.
Өңірдің орман және ағаш өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін жоғары әлеуеті бар. Бізде еліміздің орман қорының жартысынан көбі шоғырланған. Облыстың әлеуеті жыл сайын 1 млн. куб метрден астам ағашты өңдеуге мүмкіндік береді. Алайда, ағаш өңдеу өнеркәсібі өнімінің нарығы облыс тұтынатын көлемнен әртүрлі ағаш тақталары бойынша 100 пайызға, кесілген ағаш дайындамалары бойынша 50 пайызға импортты шикізатпен қамтамасыз етіледі.
Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде Өскемен қаласында қуаты 30 мың шаршы метр OSB плиталарын шығаратын зауыт қолданысқа енгізілді. Инвестициялар көлемі 690 млн. теңге құрады.
Тәуелсіз халықаралық кеңесшілерді тарта отырып, Саланың ресурстық әлеуетін пайдалану және бәсекелестікке қабілеттігін арттыру жөніндегі мастер-жоспар әзірленуде.
Қалпына келтірілген орман ресурстарын тиімді пайдалану үшін учаскелерді бере отырып, өндірісті ұйымдастыра алатын инвесторлар тартылатын болады.
Агроөнеркәсіп кешенінде ағымдағы жылы 7 млрд. теңгеге 7 жаңа тауарлы-сүт фермаларын іске қосу және 17 ферманы қайта жаңғырту жоспарланып отыр.
Аграрлық секторда экономикалық өсудің драйверлері Үржар ауданында «Жылына құс етінің қуаттылығы 30 мың тонна болатын құс фабрикасының құрылысы», Аягөз ауданында қуаттылығы 10 мың тоннаға дейін қой етін және 12 мың тоннаға дейін сиыр етін өндіретін «Евразия АгроХолдинг» ЖШС сияқты жаңа ет өндіруші кәсіпорындарын құру, Көкпекті ауданында жылына сиыр етінің өндіріс қуаттылығы 6 мың тоннаға дейін «Елімай Көкпекті» ЖШС болады.
Бұдан бұрын атқарылған жұмысты ескере отырып, бұл 31,5 мың тоннаға дейін ет өндірісімен, немесе 10 мың тоннаға өсуімен мықты шикізат қорын құруға мүмкіндік береді.
Суармалы егіншілікті дамыту және суармалы жерлердің алаңын кеңейту бойынша көп жұмыстар істеу керек. Жер тиімді пайдаланылуы қажет, бұл мал шаруашылығын дамыту үшін берік азықтық қорын құруға мүмкіндік береді. Осы мақсатта ағымдағы жылы 12,5 мың га болатын аспалы алаңда 4 гидротехникалық нысанды қайта қалпына келтіру қарастырылған.
Суармалы егіншіліктің тиімді пайдаланылуы үшін инвесторларды тарту қажет. Жаңа меншік иелері өз қаражаты есебінен суармалы жүйелерді қайта қалпына келтіру үшін бір жыл ішінде 10 мың га жер қайтарылып алынды және суармалы жерлердің 35 мың га-ға арналған келісімшарттары бұзылды.
Инвестициялық бағдарламаларға 40 мың гектар суармалы жерлерді беру міндеті қойылуда.
Атқарылған жұмыс пен алынған нәтижелер көңілге қонымды, алайда мұнымен тоқтап қалмау керек.
Еңбек өнімділігі 10 жылда 2 есеге, ал экспорт көлемі 3,3 есеге өсуі керек.
Балық саласын дамыту, және бірінші кезекте балық аулау тәсілдемесін өзгерту, қорларды толықтыру және қайта өңдеу бойынша жұмыс басталды.
Бүгінгі күні балық аулауға лицензияны бір адам алады, ал өмір бойы балық аулаумен айналысатын балықшылар «көлеңкеде» қалып отыр.
Бұл мәселемен халықаралық сарапшыларды тарта отырып, балық саласын ары қарай дамыту тұжырымдамасын ұсынатын жұмыс тобы айналысады. Мемлекеттік қолдау шаралары мен табиғи-климаттық жағдай Қазақстан нарығына, сондай-ақ шетелге жеткізу үшін балық өнімін өндіру мен жан-жақты өңдеуін айтарлықтау арттыруға мүмкіндік береді.
Барлық салаларда бизнесті дамыту үшін әлеуетті нарықтық тауашаларды анықтау жұмыстары жүргізілуде. Өндірісті қайда, қандай көлемде, қандай сапада дамыту, қандай инвесторлар қажеттігін білу маңызды.
Сонымен қатар, экономиканы дамыту кәсіби кадрларды дайындауға ерекше назар аударуды талап етеді.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын іске асыруды тапсырған болатын.
Облыстың 4 мектебінде биылғы жылдан бастап түлектерге жалпы орта білім туралы аттестат пен жұмысшы біліктілігін беру туралы толыққанды диплом алуға мүмкіндік беретін оқытудың жаңа бағдарламаларын қабылдау жоспарланған. Осы жобаны іске асыру еңбек нарығында біліктілігі жоқ жұмыс күшін төмендетуге мүмкіндік береді.
Ағымдағы жылдан Қытай Халық Республикасының өкілдерімен бірлесіп техникалық және кәсіби білімі бар кадрларды дайындау бойынша орталық құру жұмысы басталады. Жобаның ерекшелігі студенттермен алмасу болады.
Жол инфрақұрылымын дамыту саласындағы басымдылық күрделі жөндеулерді оңтайландыру есебінен жолдардың орта жөндеуін жүргізу болып қалып отыр. Облыстың автомобиль жолдарының 288 шақырымы қайта жаңартудан өткізіледі.
«Жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасының аясында жобаларды ілгерілету бойынша жұмыс жалғасын табады. Басым бағыттар ресурсты үнемдеу бойынша жобалар болады. Ол үшін энергияны үнемдеудің облыстық кешенді жоспары әзірленген.
Бұл мәселелерге жүйелі түрде қарап, мәселелерді кезең-кезеңімен шешіп, оларды шешу жолдарын табу керек.
Тұрғын үй құрылысының екпіні артуда. Биылғы жылы алаңы 539,3 мың шаршы метр болатын 52 көппәтерлі (6 618 пәтер) үй салынуда.
Тұрғын үй құрылысында басты міндет тұрғын үй құрылысының екпінін 2015 жылғыдан төмен емес деңгейде сақтау болып табылады. Ол үшін бюджеттен тыс көздерден Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы әзірленуде. Тұрғын үй құрысы жинақ банкінің шотында (67,5 мың салымша) тұрғындардың тұрғын үй құрылысы үшін тартыла алатын 21,3 млрд. теңге көлемінде салымдары жатыр.
Тек Өскемен қаласы бойынша ТҮҚЖБ 32 мың салымшысының шотында 15 млрд. теңге жиналған, оның 3,5 мыңы ағымдағы жылы тұрғын үй сатып алуға дайын.
Сондай-ақ, «Бәйтерек» қорымен тұрғын үй құрылысын қаржыландыру туралы алдын ала уағдаластық бар.
Өскемен қаласында салынып қойған инфрақұрылымды есепке алып, тұрғын үй салынатын болады, ол үшін былтырғы жылы қаланың бас жоспарын түзету бойынша жұмыс жүргізілген болатын. Семей қаласында Қарағайлы ауданында құрылыс жалғасын табады.
Жайлылығы жоғары үйлер салынатын болады, бұл алаңның өсуін көздемейді, ол тұрғындардың жайлылығын, жерасты гараждардың, көркейтілген үй жанындағы аумақтың болуын білдіреді. Тұрғын үй құрылысын жоспарлау кезінде тұрақтар мен жүру жолдары 2 есеге артады.
Барлығы ағымдағы жылы 322,5 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр, оның ішінде жалпы алаңы 78,4 мың шаршы метр болатын 34 көпқабатты үй, оның ішінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі арқылы жалпы алаңы 126 мың шаршы метр болатын 24 көпқабатты үй.
Қалалар мен аудан орталықтары өмір сүру үшін ыңғайлы орын болуы, өзінің танымал келбеті болу керек. Біздің міндетіміз адамдарға арналған қала құру.
Қалалардың көріктенуі әлемдік трендтерге сай болуы керек. Бүгінгі күні әлемде «Стрит воркаут»- көше спорты дамуда. Біздің жастарымыз өз құрбыларынан қалыспауы керек.
Әлеуметтік нысандар салық төлеушілердің ақшасына салынады және осы жерде ерекше сұраныс. Биылғы жылы облыста 30,5 млрд. теңгеге 24 әлеуметтік нысан салынуда. Құрылыстың құны нақты шығындарға сәйкес келуі маңызды.
Әлеуметтік жаңғырту аясында облысты денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша жұмыс жалғасуда.
Денсаулық сақтауда жалпы өлімді және онкологиялық аурудан өлімді – 5%, бала өлімін – 8% төмендетуге, дәрігерлік кадрлар тапшылығын азайту 25% қысқартуға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде.
Диагноз қоюдан сауықтыру мен қалпына келтіру еміне дейінгі барлық кезеңдерде көмек көрсететін медициналық мекемелерді біріктіретін медициналық кластер құрылуда.
Өңірлік онкологиялық диспансердің ядролық медицина корпусының құрылысы жүргізілуде, онда радиоизотопты диагностика бөлімі, және Қазақстанда алғаш рет радиойодтерапия бөлімі жұмыс істейтін болады.
Адами капиталды дамытуға – медициналық персоналды емдеудің заманауи технологияларына және аурудың диагностикасына оқытуға ерекше назар бөлінуде.
Еуропалық медицина орталықтарының негізінде медицина кадрларының кәсіби деңгейін арттыру жоспарлануда. 6-12 ай ішінде тәжірибелік дағдыларға оқытумен Германия, Австрия, Испания университеттерінде оқыту, бұл мақсаттарға ағымдағы жылы 340 млн. теңге бөлінеді. Біздің облысымыз үшін аса сұранысқа ие мамандарды оқыту қажет. Мысалы, онкологиялық диспансерлердің сұранысы 65 дәрігерді құрайды, ана мен баланы қорғау саласындағы мекемелер 36 маманды қажетсінеді.
Медицина кадрларын оқыту тиімділігі мен кәсіби дайындығы денсаулық сақтауды халықаралық деңгейге көтеруге, халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімдігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қалалар мен аудандар әкімдерімен ағымдағы жылы дәрігерлер тапшылығын жою (Өскемен қаласында 63, Риддер қаласында 10, Зырян ауданында 12) бойынша шаралар қабылдануы қажет.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ атындағы білім мен әлеуметтік бағдарламаларды дамыту қоры Катар мемлекеттік даму қорымен бірлесіп Семей полигонынан зардап шеккендерді емдеу үшін сауықтыру орталығын салуға ниетті.
Болашақ жастарға тиесілі. Болашақ туралы ойлайтын әр қала бірінші кезекте білімді дамытады. Президентіміз өзінің Қазақстан халқына Жолдауында дамыған бәсекелестікке қабілетті мемлекет болу үшін біз жоғары білімді ұлт болуымыз қажет деп бекер айтпаған.
Сондай-ақ, біздің балаларымыздың, жалпы, барлық өсіп келе жатқан ұрпағымыздың функционалды сауаттылығына көп назар аудару қажет. Біздің балаларымыз заманауи өмірге бейімді болғаны маңызды. «Ата-аналар балаларына білім беруге икемді болуы керек. Үш тілділік міндетті!».
Облысты өткен жылдан үш тілділік білімді енгізудің эксприменталды алаңын құру бойынша жұмыс басталған. Бағдарлама тілдерге оқытудағы мәселелерді жоюды қарастырады. Ол үш тілді – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жақсы игеруге мүмкіндік береді және біздің мақсатымыз оқушылардың тілдік коммуникативтік құзырын дамытуды қамтамасыз ететін тиісті жағдайларды құру. Біздің міндетіміз балалар 5-6 жылдан кейін осы үш тілде еркін сөйлеуі.
Көптілді дамытудың өңірлік бағдарламасын тиімді іске асыру мақсатында Британ Білім беру бағдарламаларының кеңесімен және Назарбаев Университетімен байланыс орнатылған. Ауызекі тілдің тәжірибесін және оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін ағылшын тілін оқытушылар үшін 79 оқытушыны – сол тіл ана тілі болып табылатын оқытушыларды тартумен 3 Оқыту орталығы (Өскемен, Семей және Зайсан) құрылатын болады.
3000-ға жуық мұғалім балаларды оқыту кезінде қолданатын білім алады. 2020 жылы Білім және ғылым министрлігі мектептердің жоғарғы сыныптарында үш тілдікке міндетті көшуді жоспарлап отыр, яғни, Үш тілдікті дамытудың облыстық кешенді жоспары 2 жылға озаумен орындалуы керек.
Облыстың білім беру жүйесінде мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру қызметін ұсыну дұрыс жолға қойылмаған, сөйтіп, 719 мүмкіндігі шектеулі бала білімді үйлерінде алады, оның ішінде парасаты сақталған 170 бала мектептерге бара алмайды, өйткені білім беру мекемелерінде оларды оқыту үшін тиісті жағдайлар жасалмаған.
Екінші жағынан, қазіргі жағдайда облыстың барлық 667 мектебін халықтың қауқары аз топтарының барлығы үшін қолжетімді ету мүмкін емес, сондықтан облыс орталығында парасаты сақталған 100 мүгедек-балалар үшін заманауи пансионат салу шешімі қабылданды.
Балалар үшін пансионаттың барлық аумағында тосқауылсыз орта құрылатын болады.
Мекеме базасында кәсіби оқыту ұйымдастырылатын болады, яғни, пансионаттағы оқуларын аяқтағаннан кейін балалар кәсіп иесі болып шығады.
«Бірегейлік пен бірлік» атты төртінші бағытының міндеттерін іске асыру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр.
Шығыс Қазақстан облысы – көпұлтты мәдениеті мен дәстүрі бар аймақ.
Және, сөзсіз, этникааралық қатынас саласындағы облысымыздың барлық көпқырлы әлеуеті президенттік реформалардың іске асырылуына белсенді пайдаланылатын болады.
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» патриоттық идеясын тарату үшін назарды өсіп келе жатқан ұрпақты толеранттықты, қоғамдық келісімді нығайтуға, мәдениетаралық диалогының үздік дәстүрлерін танымал етуге тартуға жұмсай отырып, облыста барлық әрекет етуші диалогтық алаңдар іске қосылған.
Тұрақтылықты, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтау; азаматтық қоғам институттарымен конструктивті диалогты дамыту, мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелерін түсіндіру бойынша жұмыс күшейтілген.
Транспарентті, есеп беретін мемлекетті қалыптастыруға бағытталған бесінші реформаның аясында халық алдында есеп беретін мемлекетті қалыптастыру, қоғамдық институттар мен азаматтардың барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына кеңінен қатысуын қамтамасыз ету бойынша маңызды құрал ретінде Қоғамдық кеңестер құрылды.
Мыналар бойынша жұмыс жалғасуда:
– мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру;
– мемлекеттік қызметшілер мен органдардың нақты нәтижелерге қол жеткізуге арналған жұмысты бағалау тәсілдемелерін өзгерту;
– жергілікті өзін-өзі басқару органдарына қосымша өкілдікті беру.
Әлемдік дағдарыс Қазақстан экономикасына тікелей әсерін тигізді. Қазір мемлекеттік органдардан, қоғамдық институттардан, азаматтардан «Бес институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындауда шоғырлану, үйлесімді іс-қимыл, табандылық талап етіледі.

Осы айдарда

Back to top button