Темір тізгін

ШҚО-да 6 мыңнан астам көлік заңдастырылды

23 қаңтардан бастап елімізде 2022 жылдың бірінші қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік көліктерді заңдастыру басталған.

Аталмыш уақыттан бастап аймақ бойынша 6 мыңнан астам көлік заңдастырылған. Оның 1300-і Қазақстанға қосалқы бөлшек ретінде келген көліктер, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап заңдастыруға өтініштерді қабылдау тоқтатылды. Алайда осы уақытқа дейін өтініш беріп үлгерген жүргізушілердің көліктері заң талабына сай болса еш кедергісіз заңдастырылады.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button