Темір тізгін

Жұмыс кестесін өзгертті

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру бойынша құжаттарды қабылдауға байланысты Өскемендегі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс кестесі өзгерді.

«Енді мамандандырылған ХҚО дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Оның ішінде құжаттар қабылдау уақыты – 18.00-ге дейін. Бұл уақытша жұмыс кестесі 6 ақпанға дейін белгіленген», деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Ал көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін алу қызметтері бұрынғы режимде көрсетілетін болады, яғни дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі 9.00-ден 13.00-ге дейін, дайын құжаттарды беру – 15.00-ге дейін.

Ержан Кеңесұлы

 

Осы айдарда

Back to top button