ҚауіпсіздікТемір тізгін

Жол апаты салдарынан 6 жасар бала қаза тапты – ШҚО

Аймақта 9 шілде күні жол апаты тіркелді.

Адам өлімімен аяқталған жол оқиғасы Зайсан ауданының аумағында болған, деп хабарлайды Didar ақпарат.

-Омбы-Майқапшағай тас жолының 1247 шақырымындағы Кенсай және Жарсу ауылдарының арасында Lada Priora мен УАЗ соқтығысқан. Нәтижесінде 6 жасар бала қайтыс болды. Зардап шеккендердің саны нақтылануда, -деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button