Тілсіз жау
Өскеменде дала өртімен күрес жүріп жатыр
Облыс орталығында дала өртімен күрес жалғасуда.
Тілсіз жауды ауыздықтау үшін МИ – 8 тікұшағынан 7 рет су төгілген, деп хабарлайды Didar ақпарат.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Станиславский көшесінің бойындағы Скалистое саяжай қауымдастығында өрт шыққан.
– Жағдайды қатты жел мен техниканың жетуіне қиын таулы жер қиындатуда. Өртті сөндіруге облыстық ТЖД мен орман шаруашылығынан 68 адам және 13 техника жұмылдырылды, – дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Тілсіз жаудың жалпы ауданы шамамен 2 гектарды құраған.
Ләззат Қанатқызы