Тілсіз жау

Өртке жақын 3 ауыл эвакуацияланды – Абай облысы

Абай облысындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері де жұмылдырылды, деп хабарлайды Didar ақпарат.

ТЖМ, Орман шаруашылығы комитеті, ЖАО және Қорғаныс министрлігінің 300-ден аса адамы, 70 техника жұмылдырылды. 4 тікұшақ тартылды, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына су ағызу жүзеге асырылып жатыр, деп жаззды ТЖМ хабарламасында.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің өкімімен, күштер мен құралдарды үйлестіру үшін өрт орнына ТЖ вице-министрі Марат Күлдіков жіберілді.

Жергілікті атқарушы органдар Бородулиха ауылында Островский атындағы орта мектеп және колледжде эвакуациялық пункттер жабдықтады. Қазіргі уақытта үш елді мекеннің тұрғындары эвакуацияланғаны айтылды.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button