Тасқынға - тосқын

Мониторинг жүргізіліп жатыр

Облыстағы су тасқыны қаупі бар елді мекендерде бақылау күшейтілді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқарушылар мен Глубокое ауданының әкімдігі ауылдарға мониторинг жүргізді.

Глубокое ауданында су басу қаупі жоғары 15 елді мекен бар. Олар – Прапорщиково, Уварово, Глубокое, Каменный карьер, Белоусовка, Ново-Ульбинка, Тарханка, Алтай, Прогресс, Предгорное, Разъезд, Черемшанка, Ушаново, Малоубинка, Опытное поле ауылдары. Ондағы 92 үйде 2335 адам тұрады.

– Қазір су тасқыны кезеңіне дайындық жүруде. Ауданда 6,6 мың текше метр қар шығарылған. Автожолдардағы 34 су өткізгіш, 14 шақырым канал, 22,3 шақырым арық қар мен мұздан тазартылды. 9200 дана қап, 100 тонна инертті материал, 1,6 тонна жанармай дайындалды. Сондай-ақ төтенше жағдай болып жатса, халықты эвакуациялау үшін уақытша орналастыру пункттерін ұйымдастырдық. Гидрологиялық жағдай тұрақты, – дейді Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тумашинов.

Ауданда бүгінгі таңда жердің қату тереңдігі – 48 см, қар жамылғысының биіктігі – 134 см.

Құтқарушылар әр үйді аралап, су басу қаупі төнген жағдайда қалай әрекет ету керектігін түсіндіруде.

Осы айдарда

Back to top button