Тілсіз жау

Мамандандырылған ХҚКО-ның жанындағы ғимаратта өрт шықты – Өскемен

Өскемендегі мамандандырылған ХҚКО-ның жанындағы ғимаратта шыққан өртті қатты жел одан әрі үрлеген.

Отты өз күштерімен өшіре алмаған тұрғындар өрт сөндірушілердің көмегіне жүгінген, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Өрт салдарынан ХҚКО-ның жанындағы ғимаратта болған ағаш қалдықтары жанып кеткен.

-Куәгерлер өртті сөндіруге тырысқанымен екпінді жел отты өршітті. Жалын басылмайтын болған соң мамандарды шақырдық. Келген өрт сөндіру бөлімшелері қоймадағы отты сөндіруге және ХҚКО-ын  қорғауға кірісті,-деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кетелік,  100 шаршы метрге тараған  қызыл жалын ауыздықталды. Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД жеке құрамының 33 адамы және 10 бірлік техника қатысты.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button