Көнерген сөз көмбесі
Көкшілі – көкқұтан
Алсын – күзде көктеген шөп.
Томыртқа – жылқының ішіне бір түйір мұз тасталған майлы сорпасы.
Аққұс – жеңілтек мінезді адам.
Қалықпан – бүркіт тұқымдас жыртқыш құс.
Көкшілі – көкқұтан.
Құрысқақ –тобылғыдан немесе аршадан жасалған түйме орнына қолданылатын тиек.
Теңсерік – саудада балама түрде затпен есептесу.
Бұлың – садақ жебелерінің бір түрі.
Жолым – жолаушының керегесіз немесе уықсыз тігілген уақытша үйі.
Бұлқыншақ – жылқының сан терісінен жасалған, сусын құюға арналған ыдыс.
Ақтүйме – қауын қағы мен талқаннан жасалған дәмді ас. Көбінесе еліміздің оңтүстігінде жиі кездесетін тағам.
Әзірлеген – Мұрат Әміренов