Көнерген сөз көмбесі
Бойра – қамыстан тоқылған тұрмыстық бұйым
Бұрғышақ – музыкалық көне аспап.
Бойра – қамыстан тоқылған тұрмыстық әртүрлі бұйым.
Шарық – іс тігуге арналған берік жіп. Шарық жіп.
«Шарық жіп бақалшыдан, тарамыс өз үйінен шықты». (Ж.Аймауытов).
Боршын – қамыстан тоқылған шәркей.
Қолдау – тұтқынның қолына салатын бұғау.
«…терең көр түбінде отырған осы сүлделердің бәрінің аяғында кісен, қолында тар қолдау». (М.Мағауин)
Көпшір – хан пайдасына жиналатын арнайы салық.
«Жалғыз сиыры осы жақында ғана кеуіп өлген, енді жалғыз торпақты көпшірге әкетіп барады». (М.Мағауин).
Кәлима – жантәсілім етер алдында айтатын дұға. Кәлимасын қайыру, тілін кәлимаға келтірді.
Құрыш – қарынның түп жағы.
«Тісі тимей жатып қарынның сонау құрдым құрышынан
Әзірлеген – Бодаухан Тоқанұлы