Шәңгек – мал соятын ілгек
Көнерген сөз көмбесі
Мүрит – діни лауазымды адамдардың ісін дәріптеуші шәкірт, ізбасар.
«Ақ сәлделі молда, хафиздермен қол алысып амандасты, қынама бел көк шапанды мүриттерге бас изеп, ықылас білдірді». (М.Мағауин).
Дәп – дәстүр, салт.
«Олардың қол астындағы күңгей маңғұлдары мен шығыс маңғұлдары да жатжұрттық дәпке жабыла көшеді». (Ә.Кекілбаев).
Теміртек – жай темірден соққан жасық пышақ.
Шәңгек – малды іліп соятын аспа, ілгек.
Аршөпке – кездеме өлшемі.
Іңірттеу – қараңғы түскенде қос маңын байырқалатқан жылқыны сырттай шолу. Жылқы іңірттеу.
Байырқалату – өрістегі малдың тебінін қайтарып, тоқырату.
Мыршым – алқа-қотан отырған қыз-бозбалалардың жүзікті ауыздарына салып, жасырып ойнайтын қазақтың ұлттық ойыны.
Әзірлеген – Бодаухан Тоқанұлы