Қорама – ертедегі оқ құятын қалып
Қотиын – дөкір, дөрекі. Ауыспалы мағынасы: жақтырмаған адамға айтылатын кемсіту, кекесін сөз.
Молақ – шолақ, қысқа. Қу молақ – ағаштың қу бұтағы.
«Бұрын да мосқал Қияқмұрт бәз қалпы, бұтағы төгілген бұла қайыңның қасындағы күн тимей, кеуіп қалған қу молақ тәрізді көрінеді». (Қалихан Ысқақ).
Аббар – суыт, үдере.
«Аббар көшіп, шет қонған,
Жау алдына бет қонған». (Шалкиіз жырау).
Қырсау – 1.Түрлі заттың айналасына сынбас үшін немесе сынығын тоқтату үшін салынатын бекіту. Сынған қазанды қырсаулау. 2.Шабан, кежір, жалқау.
Басұрман – дінсіз, кәпір.
«Екі әпкені екі басұрман атқа өңгеріп алып кетті». (М.Мағауин).
Белбақан – киіз үйді жел жықпас үшін уықтардың орта тұсынан бақанның айыр басына көлденең сырықты қаптыра бекіту. Белбақан салу.
Қорама – ертедегі оқ құятын қалып.
Әзірлеген – Бодаухан Тоқанұлы