Көнерген сөз көмбесі

Тобышақ – мықты ат

Тобышақ – мықты ат

Марайма – жайдары, жадыраңқы, кеңпейіл.
«Алайма, сұлтан, алайма,
Астыма мінген арғымақ,
Аяңдай түсіп марайма». (Махамбет).
Сығым – бүркіттің тегеуірінге қарсы үш саусағының ортаншысы.
Түлей – жапан түз, жалпақ дала, ұшы-қиырсыз қашықтық.
«Түлейде түнде жортқан жолбарыстай,
Алдырдың қабыланымды қапияда-ай». (Махамбет).
Күргей – тас қоршау, ықтасын. Малды күргейлеу.
Тоз – қайыңның қабат-қабат болып келетін қабығы.
Тобышақ (тобышақ ат) – жауға мінер мықты ат.
«Садақ сыртты, күпшек сан,
Тобышақ атты жайламай». (Дулат Бабатайұлы).
Соқта – бүркіттің топшысы.
«Сұңқардан қыран құс болмас,
Соқтасы қатпай аң алмас». (Абыл ақын).
Күзер – терең құз, құзар. Күзер жол – кең, даңғыл жол.

Әзірлеген – Бодаухан Тоқанұлы.

Осы айдарда

Back to top button