Тасқынға - тосқын

Бірқатар ауданды су басу қаупі бар

Облыстың сегіз ауданында топырақ бір метрден астам тереңдікке дейін тоң болып қатып қалған.

«Қазгидрометтің» ақпаратына сүйенсек, бүгінде аймақтағы қар жамылғысының қалың тұсы 56 сантиметрге дейін жетсе, жұқа жері жеті-ақ сантиметрді құрайды екен. Белгілі болғандай, Абай, Алтай, Бесқарағай, Бородулиха, Зайсан, Катонқарағай, Көкпекті және Күршім аудандарында топырақ тоң болып қатқан.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары биыл 2017-2018 жылдардағы қыс қайталанды деп отыр. Енді сол кездегідей көктемде су көтеріле ме деген қауіп бар.

– Тіпті, Алтай, Катонқарағай, Күршім және Үржар аудандарында топырақ 2018 жылға қарағанда әлдеқайда терең қатқан, – деп хабарлайды облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.

 

Сәрсен Қабылым

Осы айдарда

Back to top button