Саясат

Қазақстан делегациясы Кабулдағы «Наурыз-2014» Саммитіне қатысты

Қазақстан делегациясы Кабулдағы «Наурыз-2014» Саммитіне қатыстыҚазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі В.Божко басқарған Қазақстан делегациясы Кабул қаласында 2014 жылғы 26-27 наурызда болған «Наурыз-2014» Саммитіне қатысты.

Форумға Иран Ислам Республикасының Президенті Х.Рухани, Пәкістан Ислам Республикасының Президенті М.Хусейн, Тәжікстан Республикасының Президенті Э.Рахмон, Түрікменстан Вице-премьері – СІМ басшысы Р.Мередов, Әзірбайжан Республикасы Вице-премьері Э.Эфендиев, сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Х.Ладсус қатысты. Қырғызстанның делегациясын Төтенше жағдайлар министрі К.Боронов бастап келді. Индия, Түркия (сайлау өтуде) және Өзбекстан атынан осы елдердің елшілері қатысты.

Саммитте сәлемдесу және өңірдегі елдер халқына құттықтау сөзімен Ауғанстан Президенті Х.Карзай сөз сөйледі. Иран, Пәкістан мен Тәжікстан Президенттері Ауғанстанға бейбітшілік пен гүлдену тіледі, АИР-да алдағы 2014 жылғы сәуірде өтетін президенттік сайлаудың сәтті өтетіндігіне және ауғандық реттеу процесінің жалғасатындығына сенім білдірді, сондай-ақ әр түрлі салаларда өзара тиімді ынтымақтастыққа шақырды.

Қазақстан Республикасының ТЖ министрі министрлермен, үкіметтік агенттіктердің басшыларымен және Ауғаныстан комиссияларымен кездесулерде ауған бизнес субъектілерінің қазақстандық серіктестерімен ынтымақтастығы, қазақстандық тараптың конкурс негізінде Ауғаныстандағы тиімді жобаларға қатысуы, Ауғаныстанның Алматы қаласында құрылған өңірлік ТЖ және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталықта сөз сөйлеу, екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның қызметі, Ауғаныстанның 2014 жылғы 17-18 сәуірде Алматы қаласында өтетін Еуразиялық іскери форумына қатысуы мәселелерін талқылады.

Аталған әңгімелесулер барысында саммитке келген үкімет мүшелері және Ауғанстанның әртүрлі өңірлерінің губернаторлары, шетелдік делегациялардың басшылары Ауғанстан басшылығы мен халқы алдындағы Елбасымыздың ынтымақтастық және тату көршілік бойынша жүргізіп отырған саясаты, бірнеше жылдан бері көрсетіліп жатқан сүбелі экономикалық және гуманитарлық көмегі үшін жоғары беделі туралы айтты.

Осы айдарда

Back to top button