Дін

Аймақтағы діни ахуал тұрақты

Аймақтағы діни ахуал тұрақты


Аймақта діни ахуал тұрақты. Өңірімізде 316 діни бірлестік тіркелген. Оның 208-і Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты мешіттер. Сонымен қатар 39 православтық, 61 протестанттық, алты католиктік шіркеу және бір кришна санасы қоғамы, бір еврей діни бірлестігі бар.

Айта кетеін болсақ, өңірде жергілікті діни бірлестіктермен өзара жұмыс дұрыс жолға қойылған. Облыс, қалалар мен аудандар әкімдері жанында діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестер жұмыс істейді. 2018 жылы қалалар мен аудандар кеңестерінің 26 отырысы өткізіліп, оларда аймақтағы діни ахуал, конфессияаралық келісімді нығайту, әлеуметтік-маңызды іс-шараларға бірлесіп қатысу мәселелері талқыланған.

Облыстық дін істері басқармасының жанынан өңірдегі діни бірлестіктер жетекшілерінің клубы құрылған. Оның қызметінің аясында ағымдағы жылы мәжілістер, діни бірлестіктер арасында спартакиада және тағыда басқа іс-шаралар өткізілген. Сонымен қатар, діни бірлестіктер жектекшілері клубының бастамасымен, діни бірлестіктерде ашық есік күндері жиі өткізіліп тұрады. Бұл конфессияаралық қарым-қатынас үшін таптырмас сұхбат алаңы.

Жалпы, діни бірлестіктер аймақтың қоғамдық-саяси, әлеуметтік өміріне белсене араласып, қайырымдылық шараларына көптеп қатысады. Мәселен, көктемгі су тасқыны кезінде Зырян, Глубокое аудандарында болып, үйлерін су басқан тұрғындарға қаржылай, заттай қайырымдылық көмектерін көрсетті. Бұл игі іс Құрбан айт мейрамы кезінде де жалғасын тапты. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмектер көрсетілді. «Мектепке жол» акциясына да діни бірлестіктер үлкен қолдау білдіріп, тұрмысы нашар отбасындағы балалардың мектепке баруына қажетті киім-кешек, оқу құралдарын алуға көмектесті. Мысалы, осындай бір қайырымдылық акциясы Бородулиха ауданы, Жаңа Шүлбі кентіндегі балалар үйінде өтті.

Діни бірлестіктер өкілдері былтырғы Рухани келісім күнін өткізуге бір кісідей қатысып, іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне үлкен қолдау білдіріп, мереке барысында ізгі тілектерін білдірді. Конфессияаралық достық пен келісім олар үшін әрқашан бірінші орында тұратындығын жеткізді.

Аймақтағы діни ахуал тұрақты

Биыл да облыс көлемінде бұл бағытта біршама жұмыстар атқарылды. Мәселен, облыстық «Халифа Алтай» мешітінде 2018 жылдың ақпан айында облыстағы өзге діни конфессиялар өкілдеріне арналған «Ашық есік күні» акциясы өткізілді. Шараға өңірдегі 14 діни бірлестіктің жетекшілері қатысып, мешіттің қызметімен, кітапхананың, компьютер сыныбының жұмысымен танысты, конфессияаралық қарым-қатынастарды өзара нығайтуға қатысты ортақ ойларымен, пікірлерімен бөлісті.

Сондай-ақ ағымдағы жылдың 10 мамырында діни бірлестіктер басшыларының қатысуымен «Діни экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуына қарсы тиімді іс-қимыл бойынша кешенді алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Жақында Астана қаласында рухани келісім мен дінаралық үн-қатысудың халық¬аралық деңгейдегі беделді алаңы болып табылатын Әлем-дік және дәс¬түр¬лі діндер көшбасшыларының VI съе¬зі өтті. Айтулы халықаралық шараға біздің өңірден де арнайы делегация барып қатысып қайтты.
Биылғы 18 қазан – Рухани келісім күнінде де облыс бойынша ауқымды іс-шаралар легі жоспарланып отыр. Облыстық «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде және қалалық, аудандық басылымдарда арнайы шығарылымдар дайындалды. Діни бірлестіктерде кездесулер, ашық есік күндері, спорттық жарыстар, мерекелік көрмелер өткізілуде. Сонымен бірге жағдайы нашар қамтылған отбасыларға атаулы көмектер, қайырымдылық түскі астары ұйымдастырылып, діни ғимараттардың ауласына көшеттер егіледі. Тақырыпқа орай ашық сабақтар өткізіліп, діни рәсімдер жасалады, уағыз айтылады. Тұрғындар арасында Рухани келісім күнінің тарихи маңызын әспеттеген «Күш бірлікте» тақырыбында буклеттер таратылады.

Тимур Жигитаев,
облыстық дін істері
басқармасы басшысының міндетін атқарушы

Осы айдарда

Back to top button