Дін

АСЫЛ ҚАСИЕТТЕР АРТАТЫН АЙ

Құрметті жамағат, қадірменді ағайын!

Баршаңызды күллі мұсылман қауымы асыға күткен, айлардың төресі болған қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын!

Мүбәрак айда әр адамның бойында сабырлық, қайырымдылық, мейірімділік, бауырмалдық секілді асыл қасиеттер еселеп артып, иман күшейеді. Құдси хадисте Алла Тағала: «Ораза – тек Мен үшін. Оның сыйын (сауабын) Өзім ғана беремін», – деп оразаның қадір-қасиеті мен мән-маңызын баяндаған.

Қазақ халқы ежелден Рамазанды ерекше қастерлеп «Он екі айдың сұлтаны» деп атаған. Сондықтан исі мұсылман қауымы бұл кезде жақсы тілектер тілеп, қайырымды істерді көбірек істеуге ұмтылады.

Сіздерді күллі мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Әр шаңыраққа шаттық пен бақыт, бірлік пен береке тілеймін! Баршаңызға Жаратқан Ием жар болсын! Бүкіл әлемге қауіпті індет таралып, төтенше жағдай енгізілген қазіргідей қиын-қыстау шақта елдің, халықтың амандығы үшін көбірек дұға жасайық.

Қасиетті Рамазан айы әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, бірлік пен береке әкелсін! Баршамызға Жаратқан Ием жар болсын! Халқымыз аман, еліміз тыныш болсын!

Ермек Мұқатай,

ҚМДБ-ның Өскемен аймағының

бас имамы

 

 

 

Осы айдарда

Back to top button