Тілсіз жау

Абай облысындағы өртті сөндіруге өзге елдер көмек ұсынды

Түркия мен Өзбекстан Абай облысындағы өртті сөндіруге көмектесуге ниетті.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров БАҚ өкілдерімен өткізген баспаөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Didar ақпарат  Қазақпаратқа сілтеме жасап.

-Сыртқы істер министрлігінің желісі арқылы ондай ақпарат келіп түскен жоқ. Мүмкін, профильдік министрліктер арасында өздерінің келісімі бар шығар. Бірақ біз арқылы ондай көмек ұсынылған жоқ, – деді ол.

Ресми өкілдің айтуына қарағанда, апатты ауыздықтауға шамасы жетпей жатса, Қазақстан сырттан көмек сұрауға мәжбүр болады.

-Әзірше біз ондай көмек сұрап жатқан жоқпыз. Менің естуімше, 1-2 мемлекет көмек көрсетуге дайын екендерін білдірді. Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы телефон арқылы сөйлесті, біздің министр телефон арқылы сөйлесті, – деді Айбек Смадияров.

Тілшілердің нақтылау сұрағына көмек ұсынған елдер Түркия мен Өзбекстан екенін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі растады.

Осы айдарда

Back to top button