Тілсіз жау
12 маусым жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды
12 маусым еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев орман өртінен қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып барғанда мәлімдеді,деп хабарлайды Didar ақпарат.
-Дүйсенбі күнін еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияладым. Біз қаза тапқан азаматтарды еске аламыз. Сабыр сақтап, бекем болыңыздар. Құқық қорғау органдары мен министрліктер тарапынан болсын, барлық сала бойынша тиісті шаралар қабылданады. Қазір кеңес өткіземін. Бұл жағдайдан міндетті түрде тиісті қорытынды шығарамыз, – деді президент.
Ынтымақ Толқын