Заң талабы

Жүзден астам адам заң көмегіне жүгінді

Айна Ескенқызы

 Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде өткен «Халық заңгері» атты жалпы республикалық акция барысында 100-ден астам адам консультациялық және заң көмегіне жүгініп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Шараның мақсаты да халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарға туындаған құқықтық мәселелерді шешуге жәрдемдесу болған.

Әртүрлі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары мен өкілдері, үздік заңгерлер мен адвокаттар консультант ретінде азаматтарды қызықтырған барлық құқықтық мәселелер бойынша толыққанды заң көмегін көрсетті.

Жалпы алғанда, 100 ден астам адам консультациялық және заң көмегіне жүгініп, барлық сұрақтарға жауап алды.

Азаматтардың ең көп сұрақтары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және салыққа қатысты болды.

Акция ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, zakon.kz басылымы және «Параграф» ақпараттық жүйесімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері белгілі болса, онда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталығының 1424 нөміріне хабарласа аласыз.

Осы айдарда

Back to top button