Жолдау жол нұсқайды
Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ \”Нұрлы жол – болашаққа бастар жол\” атты Жолдауы мемлекет дамуының жаңа бағыттарын айқындап берді. Тарихи құжат халық арасында кеңінен талқылануда. Елбасы Жолдауына шығымқазақстандықтар да үн қосып, пікірлерін білдіріп жатыр.
Биікті бағындырар бағыт-бағдарымыз бар.
Хафиз Матаев, қоғам қайраткері, Семей:
– Елбасымыз Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын теледидардан тапжылмай отырып, тыңдағандардың бірі – менмін. Көп ойлары көңілімнен шығып, риза болдым. Біз әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің қатарына қосыламыз десек, жаңғыруға, жаңаруға бет бұруымыз керек. Алдымызға мақсат қойып, алға ұмтылсақ, ешқашан ұтылмаймыз. Мынадай қиын-қыстау кезде бағыт-бағдарсыз бір қадам жасаудың өзі қауіпті. Алдында нақты жоспары, жобасы бар ел ғана көздеген биігін бағындырады. Әлем лидерлері Қазақстан мемлекетінің барлық салада ұлы өзгерістер жасап, адам айтса нанғысыз, жедел дамуының сыры неде деген сұраққа қазірдің өзінде бас қатырып, жауап іздеуде. Мұның сыры – Мемлекет басшысының көрегенділігінде, орын алар жағдайды алдын ала болжап отыратын сезімталдығында жатыр. Бұл жолы да Елбасымыз халқын жарқын жолға бастап отыр. Әлемдік нарықтарда баға құлдырап, экономикалық өсім баяулаған осынау өліара шақта қабылдаған Елбасының шешімі халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне жол бермейтіні анық.
– Мен – көп жылдар басшылық қызметте болған адаммын. Экономиканың мән-жайын жақсы білемін. Елбасының ең қажетті инфрақұрылымдарды дамытуға, жаңғыртуға қатысты берген тапсырмалары көңілімнен шықты. Мәселен, «Екібастұз-Семей-Өскемен» және «Семей-Ақтоғай-Талдықорған-Алматы» бағыттарында жоғары кернеулі желілер салу қажет», – деп атап көрсетті. Яғни, энергия тапшылығы жойылады деген сөз.
Сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ өзінің Жолдауында шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау қажеттігін ерекше атап айтты. Осы орайда Семей қаласында тїрлі кәсіпорындар көптеп ашылса деген тілегім бар. Біз ұсақ-тїйектің бәрін шеттен тасығанды доғаруымыз керек. Ең аяғы тїймеге дейін өзіміз өндіруге қол жеткізсек, ғажап болар еді. Ал бұған қажетті алғышарттардың бәрі біздің қалада бар. Семейде ырыс пен ынтымақ та, тәртіп пен тыныштық та бар. Кезінде жеңіл өнеркәсіптің отаны болған Семейдегі ет комбинаты, тері-былғары зауыты секілді көптеген кәсіпорындар толық қуатымен жұмыс істесе, халықтың жағдайы да жақсарары сөзсіз.
Қайырбек Айжігітов, «Еңбек Даңқы» орденінің толық кавалері, «Құрметті металлург», Өскемен:
– Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ өзінің кезекті Жолдауында Қазақстанның «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатын жариялады. Осы тарихи құжатта Шығыс Қазақстанға қатысты бірнеше жобаның өзектілігіне тоқталды. Бұл бізді қуантпай қойған жоқ.
Әсіресе, өндіріс саласының ардагері ретінде оның энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту жөнінде айтқан жоспарларын қуанышпен қабылдадым. Мемлекет басшысы өз сөзінде «Екі жобаға назар салу керек. «Екібастұз – Семей – Өскемен», «Семей – Ақтоғай – Талдықорған – Алматы» бағыттарында жоғары кернеулі желілер салу қажет. Бұл қазақстандық электр стансаларының елдің барлық өңірлерін теңдестірілген энергиямен қамтамасыз етуіне мїмкіндік береді» – деп айтты.
Жоғары кернеулі желінің келуі өндірісі жаңа жанданып келе жатқан Ақтоғай кен орнының жұмысын қуаттандыра тїсетіні сөзсіз. Металлург ретінде мен сондағы ізбасар әріптестерім їшін қуандым. Бұл магистральдық желілер біздің өңірдегі энергия тапшылығын да жояды. Өндірісіміз де дамиды.
Елбасы атаған жобалар өткен бес жылда индустрияландыру бағдарламасының шеңберінде энергетика саласында жїргізілген жұмыстардың нәтиже беруіне сөзсіз ықпал етпек. Аға буын өкілі ретінде ел Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ ұсынған жаңа экономикалық саясат Қазақстанды кез келген сын-қатерден аман алып шығатынына сенім білдіремін. Бағыт-бағдарымыз айқын. Енді тек қана алға ұмтылып, жұмыс істеуіміз қажет.