Денсаулық сақтау

Жаңа аудандарға жаңа медициналық мекемелер қажет – әкім

ШҚО әкімі Ермек Көшербаевтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің активінде маңызды әрі өзекті мәселелер талқыға түсті. Жиында жылыту маусымына дайындық, ауызсумен қамту, тұрғын үй құрылысы, денсаулық сақтау, білім беру және интернетпен қамту мәселелері қаралды.

Облыс әкімі Ермек Көшербаев қаржы және денсаулық сақтау басқармаларының басшыларына облыстың жаңадан құрылатын Катонқарағай және Марқакөл аудандарында логистика тұрғысынан халыққа ыңғайлы, талаптарға сай медициналық мекемелердің болуын қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Яғни, тіпті шалғай ауылдардың тұрғындары да медициналық көмекті артық шығынсыз алуға тиіс.

– Қазірдің өзінде медициналық қызметкерлерге қамқорлық жасап, осы аудандарға келетін дәрігерлер үшін толық әлеуметтік пакет пен баспананы қарастыруымыз керек, – деп атап өтті өңір басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, «Ауыл медицинасын жаңғырту» жобасы аясында облыста 36 жаңа медициналық мекеме салынатын болады.

 

 

Осы айдарда

Back to top button