Саят
Жаңа телеарна ашылады
Елімізде табиғатты қорғау мен аңшылық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған үш тілде хабар тарататын жаңа телеарна ашылады.
Бұл туралы Астанада өткен «Қансонар» республикалық аңшылар қауымдастығының алғашқы отырысында Парламент Сенатының депутаты Оралбай Әбдікәрімов айтты.
Айта кетейік, бүгінде «Қансонар» қауымдастығының құрамына 17 аумақтық өкілдік, 670 аңшылық шаруашылық біріккен және еліміздегі аңшылар саны 110 мыңнан асады. Сондай-ақ, аталған жиында қауымдастықтың алдағы атқарылар жұмыстары анықталды.
Шығыс-Ақпарат