Тылсым дүние

Өзенді қақ айырып, жұртты аман алып қалған тәуіп

Өзенді қақ айырып, жұртты аман алып қалған тәуіп

Осыдан екі-үш жыл бұрын жасы ғасырға таяған Сағила деген бәйбіше дүние салды. Көпті көрген жарықтық өте әңгімешіл адам болатын. Сол апамыз бала кезінде үлкендерден естіген мына бір оқиғаны үнемі әңгімелеп
отырушы еді.

Осы кейуананың 4-5 жастағы ке-зінде ел мал қамы үшін қыста қыстақта отырып, жаз бетінде жайлауға көшіп-қонады екен. Бір жылдың қысында қар қалың түскендіктен, көктем жауынды болып, бүкіл ауыл жайлауға шыға алмай, көп бөгелсе керек. Өйткені, Барқытбел тауының теріскейінен құ-лай аққан асау, арынды өзендер өткел бермейтін болыпты. Қатты сасқан жұрт «енді не істейміз?» деп дағдарған тұс-та ауыл ақсақалдарының ойына осы өлкеге белгілі көріпкел тәуіп түседі.

– Көп уақыт өтті ғой, атынан жа-ңылып қалыппын. Шәкей ме еді, Тәукей ме еді, сол кісіні арнайы ат жіберіп, алдыртыпты, – дейтін апамыз. Сол шақыртумен келген еңге-зердей, қапсағай бойлы қара кісінің қолында тобылғы сапты қамшысы, тақымында асатаяғы бар екен. Оны күтушілер аттан түсіріп алып, үйге бастайды. Үй толы үлкендер, дастарқан жаюлы. Көпшілік жайыла отырысып, әңгімеге кіріседі. Алдымен жөн білетін бір қария сөз алады.

– Тәуіп, неше күн болды сізді бүкіл ауыл болып күтудеміз. Жағдайды ес-тіген боларсыз. Мына теріскейдің асау өзендері биыл ерекше тасып, жайлау-ға шығуға ерік бермей тұр. Уақыт болса өтіп барады. Әсіресе, алты ай
қыстан жүдеп шыққан малға қиын болып тұр. Соған сіздің бір көмегіңіз қажет. Алла жазса, ол сіздің ғана қолыңыздан келер деген үміттеміз. Осыған не айла жасайсыз? – дейді қария.

Ауыл адамдары «тәуіп не дер екен?» деп аңтарылуда. Бір сәт ауыл ыңғайын байқаған ол қозғалақтап, асатаяғын сипап қойып, жөткеріне:

– Ол дұрыс қой. Жағдайды түсініп отырмын. Оңай шаруа емес. Сенімдеріңнен шыға алсам де. Іске кірісейік, тек сіздерге айтарым, бүкіл ауыл
көшуге, яки, өзеннен өтуге қамданып, дайын тұрсын. Мал-басты қаумалап, жағаға иіріп, белгі болғанда айдайсыңдар. Ал қамданыңдар. Бүгін бейсенбі, түс ауа жұмыла іске кірісеміз, – деп орнынан тұрады.

– Сол-ақ екен, ауыл адамдары қызу дайындыққа кірісіп кетеді. Тәуіп болса елден бөлініп, асатаяғын қолына алып, өзен жағалай жүріп, етек-жеңін түрініп, зікір сала бастайды.
Табиғаттың дүлей күшіне төтеп бере алмай, әбден шаршаған ел түс ауа көшуге дайын тұрыпты. Бір уақытта тәуіп бар дауысымен айғай салып, асатаяғын оңды-солды сермеп қалғанда асау өзеннің ағыны басылып, қақ айырылып кетіпті. Осындай сәтті асыға күткен ауыл жұрты лып етіп, арғы бетке түп түгел, аман-есен өтіп шыққан екен. Көш өтісімен өзен қайтадан арнасына түсіп, бұрқана-буырқана аға жөнеліпті.

Ал тәуіп болса, есі шыққан елдің алғысын арқалап, өз жөніне кете бар-ған көрінеді. Не заманда болған бұл оқиғаны ғасыр жасаған Сағила апаның өз аузынан естігенде не сенерімізді, не сенбесімізді білмей, аңтарылған едік. Дегенмен, халқымыздың тәуіп, бақсылар туралы «қара суды теріс ағызған» деуінде бәрібір бір шындық бар екені сөзсіз сияқты.

Мәуітқазы Зүкенов

Осы айдарда

Back to top button