Облыс әкімі: іссапар
Зайсанда сүт зауыты салына ма?
Зайсан ауданында сүт өнімдерін өңдейтін зауыт салынуы мүмкін.
Бұл туралы аймақ басшысы аталмыш ауданға барған іссапары барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Didar ақпарат.
– Осындан он жылдай бұрын осы аймақта сүт тауарлы фермаларды салу жоспарланған екен. Алайда, белгісіз себептермен ол жұмыстар қолға алынбаған. Алдағы уақытта осы жоспарды қайта жандандырамыз. Бұл біздің бәрімізге өте керекті дүние. Бұны қолға алуға болады, деді облыс әкімі Ермек Көшербаев.
Сонымен қатар, жиынға ауыл шаруашылығы басқармасынан Рамиль Сағындықов қатысты. Оның айтуынша ауданда шаруа қожалығын ашып, дамытқысы келетін азаматтарға міндетті түрде көмек көрсетілмек.
Ынтымақ Толқын