Облыс әкімі: іссапарТОП

ШҚО Жаңа Қанай ауылындағы «психикалық денсаулық орталығы» жабдықталған жаңа ғимаратқа көшуі мүмкін

Жаңа Қанай ауылындағы Шығыс Қазақстан Психикалық денсаулық орталығының қызметкерлері мен пациенттері ұзақ жылдар бойы ескі және жабдықталмаған ғимаратта еріксіз мекендеп келді.

Аталған медициналық мекемеге барған облыс әкімі Ермек Көшербаев қалыптасқан жағдаймен танысып, жаңа ғимаратқа көшіретінін жеткізді, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев ардагерлермен кездесуде Ұлан ауданындағы Жаңа Қанай ауылындағы психикалық денсаулық орталығының жағдайына назар аударуды сұрады. Сол кезде облыс әкімі ақсақалдарға медициналық мекемеге арнайы барып, жағдаймен танысуға уәде бергенді. Ұлан ауданына жұмыс сапары кезінде Ермек Көшербаев сол жерде болып, мекеме қызметкерлерімен сөйлесті. Бөлме 60 адамға арналған, қазір 50-ге жуық науқас емделуде. Олармен білікті қызметкерлер жұмыс істейді. Алайда, ғимараттың тозығы жеткен.

– Аталмыш мәселені біржақты етуіміз керек. Ауруханада жатқан адамдарға барлық қажетті жағдай жасалуы қажет. Ол үшін ең алдымен, медициналық мекемені жаңа ғимаратқа көшіруіміз шарт. Онысыз болмайды. Ал мына ескі ғимаратты жермен жексен ету керек. Болашақта жаңа ғимаратқа Бозанбай ауылындағы ауруханада емделіп жатқан науқастарды да көшіруге болады,- деді ШҚО әкімі Е.Көшербаев.

Өңір басшысы құзырлы мекемелерге осы мәселеге қатысты бірқатар тапсырма беріп, жаңа ғимаратқа көшіру жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Оразай Жеңісұлы

Осы айдарда

Back to top button