АгросекторОблыс әкімі: іссапар

Самарлықтарды қасқырлардың көбейгені алаңдатып отыр

Самар ауданы аумағында түз тағысының санын азайту шаралары екі жылдан бері жүргізілмеген, осы уақыт ішінде олардың саны едәуір өсті.
Облыс әкімі Ермек Көшербаевпен кездесу барысында жергілікті тұрғындар осы мәселені көтерді. Қасқырлар малға шауып, елді мекендердің аумағына кіретін болған, сонымен қатар адамдарға да қауіп төндірген жағдайлар тіркеліпті. Ақсақалдардың айтуынша, қасқыр атуды қансонарда және ақпан айында жүргізу керек.
Бұл мәселені шешу үшін, яғни ит-құстың популяциясын азайту үшін заңнама аясында қасқыр ататын аңшыларға арнайы лицензия берілетін болады.

Осы айдарда

Back to top button