Облыс әкімі: іссапарТОП

Ермек Көшербаев: құс шаруашылығының дамуын ынталандыруымыз керек

Облыс әкімі Ермек Көшербаев пен “Өскемен құс фабрикасы” АҚ Бас директоры Роман Романовтың кездесуі барысында Шығыс Қазақстанда құс шаруашылығын дамыту жоспарлары талқылады.
Ұлан ауданына жұмыс сапары аясында Ермек Көшербаев еліміздегі құс етін өндіретін ірі кәсіпорындардың біріне барды, деп хабарлайды Didar ақпарат.

– Бізге осы бағыттың дамуын ынталандыру қажет. Біз ауылшаруашылық жерлерін ұлғайту, жем-шөп базасын дамыту бойынша жұмыс жасаймыз. Сондай-ақ кадрларды даярлау мәселесін бақылауға алу маңызды, – деді әкім Е.Көшербаев.

Өңір басшысы құс фабрикасы Қазақстанда құстан жасалған салқындатылған жартылай фабрикаттарды шығару бойынша көшбасшы болғанын және өндірісті одан әрі дамыту нарықты өз өндірісіміздің пайдалы және сапалы өнімімен қамтамасыз етуге ықпал ететінін атап өтті.

Оразай Жеңісұлы

Осы айдарда

Back to top button