Облыс әкімі: іссапар

Зайсан ауданында – жаңа әкім

Аймақ басшысы Даниал Ахметов бүгінде қарқынды дамып келе жатқан Зайсан ауданында жұмыс сапарымен болды. Депутаттардың келісімі бойынша ол ауданның жаңа әкімі Дулат Қажановты таныстырды.

– Ол – Зайсан ауданының тумасы, осы жерде еңбек жолын бастаған, басқару жұмысында да жақсы тәжірибесі бар азамат. Оның алдында қазір бірқатар міндеттер тұр, ол – құрылыс, абаттандыру, сумен және газбен қамтамасыз ету, – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ аймақ басшысы Зайсан ауданының жұртшылығымен кездесу өткізіп, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын талқылады.

«Тұрғындардың ел экономикасын одан әрі дамытуға және тиісінше қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған барлық стратегиялық шешімдердің маңыздылығын түсінетіндері қуантады. Мемлекет басшысы айтқан барлық міндеттер шешілетін болады, сонымен қатар біз басталған жобалар мен бағдарламаларды жалғастырамыз және өңірдің әлеуметтік саласын жақсартуға ықпал ететін жаңа жобаларға бастамашылық жасаймыз», деп жазды өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында облыс әкімі.

Ержан Әбіш

 

 

Осы айдарда

Back to top button