Облыс әкімі: іссапар

Зайсан ауданында балабақша мен емхана тапшы

ШҚО әкімі жұмыс сапарымен Зайсан ауданына барып, тұрғындармен кездесті.

Кездесу барысында аудандағы шешілмеген күрделі мәселелер көтерілді, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Аудан орталығында осыдан 25 жыл бұрын салынған емхананың тозығы жеткен. Тұрғындардың айтуынша ол заманауи талаптарға сай келмейді. Оның үстіне аталмыш емхана балабақша үшін салынған ғимаратта орналасқан. Зайсан қаласындағы халық саны жыл санап өсіп келе жатқандықтан балабақша мәселесі де туындап отыр.

– Аурухананың жағдайын көріп, танысып шықтым. Әрине біраз қиындықтар бар. Дегенмен, өзге аймақтарға қарағанда жағдайы жақсырақ. Ал балабақша мәселесін ең бірінші ауылдан бастаймыз. Аудан әкімі жоспарларын ұсынса, жобаға енгізетін боламыз, -деді аймақ басшысы Ермек Көшербаев.

Айта кетелік, дәл осы мәселе аудандағы Қаратал ауылында да бар. Мыңнан астам тұрғыны бар ауыл да заманауи талапқа сай аурухана мен балабақшаға мұқтаж екен.

Облыс әкімінің айтуынша, Зайсандағы емхана мәселесі шешімін табады. Қазір поликлиниканың жобасы әзірленуде. Жоба жыл соңына дейін дайын болмақ.

Осы айдарда

Back to top button