Заң талабы

Заңсыз монополиялық кірісті қайтарып берді

Айна Ескенқызы

 Облыстағы ЖШС-тердің бірінің монополиялық жағдайды теріс пайдаланғаны дәлелденіп, серіктестік өз қызметін пайдаланған нарық субъектілеріне  2 643 194 теңге монополиялық кірісті қайтарып берді.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті «ВОСТОК-АГРОПРОМ» ЖШС-не қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу фактілері бойынша тексеру жүргізді. Тексеру барысында аталмыш серіктестік Шемонаиха ауданының шекарасында астық қабылдау пункттерінің қызметтеріне монополиялық жоғары бағаны белгілеп, ұстап тұрғаны анықталды.

Осылайша, ЖШС белгілеген баға мен Департамент есептеген бағаның арасындағы айырма 2 643 194 (екі миллион алты жүз қырық үш мың бір жүз тоқсан төрт) теңге көлеміндегі заңсыз  монополиялық кірісті құрады. Департамент ҚР ҚК 226-бабын басшылыққа ала отырып, ЖШС-не Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды және оның салдарын жою үшін қайта есептеу жүргізіп, нарық субъектілеріне қаражатты қайтару жөнінде ұйғарым шығарды.

Қазіргі уақытта ұйғарым орындалды. «ВОСТОК-АГРОПРОМ» ЖШС өз қызметтерін пайдаланған барлық нарық субъектілеріне 2 643 194 теңге сомасында қайта есептеу жүргізді.

Осы айдарда

Back to top button