Ауыл шаруашылығы

Заманауи техникамен толықты

Ауданымызда «КазАгроФинанс» АҚ арқылы ауылшаруашылығы құрылымдарына заманауи техника сатып алу мәселесі басты орынға қойылып отыр.

Заманауи техникамен толықтыМәселен, өткен жылы 180 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары сатылып алынса, биылдың өзінде 23 шаруа қожалығы 37 данаға тапсырыс беріп отыр. Осындағы «Юбилейный» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Жандос», «Жидебай», «Ырыс» және тағы басқа шаруа қожалықтары бүгінде жаңа техниканың қызығын көруде. Сол сияқты Үржар ауылдық округіне қарасты «Тоқтаболат» атты қожалықтың иесі Ақылбек Оспанов екі бірдей «МТЗ-82» тракторын алу үшін «КазАгроФинанс» акционерлік қоғамына тиісті құжаттарын өткізіп қойды. Бұйырса, Тарбағатайдың күнгейінде диқан қауымы жаңа техникамен еңбек етпек.

Берікхан Тайжігіт
Үржар ауданы

Осы айдарда

Back to top button